Әр халық жаңа жылдан жаңа, тіпті, арайлап атқан әрбір таңнан жаңа бақыт, жаңа шаттық және жаңа таңғажайыптар күтетіні жасырын емес. Жаңалық атаулыдан жақсылық күтетін сол дәстүрмен назарларыңызға келер жылға арналған жұлдыз-жорамалды ұсынамыз.
Тоқты
(21 наурыз – 20 сәуір)
Сіз өмірге ғашық жандардың қатарынансыз. Үнемі ізденіс пен талпыныста жүретін мінезіңіз 2016 жылы еселене түспек. Эмоцияға толы жаныңызды құрықтауға қиын түсетін кезеңдер де болатыны жасырын емес. Мешін жылы ойға алған барлық жоспарларыңызды іске асыру үшін тынбай еңбек етсеңіз жеткілікті. Бұл жыл сіз үшін аса табысты болмақ. Қажырлы қайраттың арқасында қиындықтарды еңсеріп, кемшіліктерді артықшылыққа айналдыра білудің алтын кілтін дәл осы жылы табатын боласыз.
Келер жылы іске асыратын жоспарларыңызды 2-ге немесе 3-ке бөліп қарастырғаныңыз жөн. Өйткені кезең-кезеңге бөліп атқарған жоспар сізге қиынға түспейтін болады. Сонымен қатар жаныңызға жылулық сыйлайтын классикалық әуендерді жиірек тыңдап, жүзу мен йогаға қатысып, табиғатта көп серуендеңіз. Бұл әрекеттер Мешін жылы сізге жан жылулығын беретін болады.
Торпақ
(21 сәуір – 21 мамыр)
Сіз сәттіліктің адамысыз. 2016 жылы сіздің басты ұраныңыз «Ал да, істе» болуға тиіс. Келер жылы өзіңізге ашылған мүмкіндіктердің көптігімен таңдандыратын болады. Мешін жылы сіз үшін махаббаттың, кәсіпкерліктің, өрлеудің жылы болмақ. Бұл жылда сіздің табыстарға жететініңіз соншалық – тіпті сізге қызыға да, қызғана да қарайтын болады. Бұл, әрине, сіз үшін жақсы.
2016 жылы спортқа көп көңіл бөліңіз. Жүгірумен айналысқаныңыз жөн. Отбасына көбірек назар аударып, отбасылық саяхатқа шығып тұрсаңыз, нұр үстіне нұр болмақ.
Егіздер
(22 мамыр – 21 маусым)
Егіздер үшін бұл жыл – қай жағынан қарасаңыз да сәтті жыл. Кез келген жаңа бастамалар мен жобалар үшін қолайлы кезең. Сіз еңбекқор, тыным таппайтын жансыз. Қандай жобалар болса да бәріне үлгеруге тырысасыз. Бұл, әрине, жақсы. Дегенмен 2016 жылы барлық атаулы іс-шараларға қатысқаныңызбен, ол сіздің өміріңізде біршама қиындық туғызады. «Екі қайықтың басын ұстаған суға кетеді» демекші, шектен тыс шараларға бас қатырғанша, өзіңізге құнды жобаларды саралап, кірісіңіз. Сан емес, сапаға мән берсеңіз, 2016 жыл жемісті, есте қаларлықтай болмақ.
Шаян
(22 маусым – 22 шілде)
2016 жыл жаңа шытырмандарға толы болмақ. Мешін жылы Шаян жұлдызнамасы үшін қызығушылықтары тұрмыстық деңгеймен шектеліп қана қоймай, келесі сатыны бағындыруда сәттілік әкеледі деп көрсетеді. Жаңа жобалар, саяхат, жаңа хобби, махаббат, жаңа достар табу – бұл сізді келесі жылы күтіп тұр. Шаянда туылғандар әлемді жаңа қырынан көргісі келетіндері анық. Және ол армандары орындалуы әбден бек мүмкін.
2016 жылы Шаяндар жаңа қарқынмен әрекет жасап, көптеген мақсаттары орындалады. Әрбір жоспарын салмақпен және абайлап қабылдаған шешімдері айын оңынан тудырады. Тіпті жоспарыңыз бастапқыда сәтсіздікке ұрындырса да, алған бағытыңыздан жаңылмаңыз.
Арыстан
(23 шілде – 23 тамыз)
2016 жылы сізді толағай табыстар күтіп тұр. Өзіңізді қоршаған адамдар тобыңызда назарларына ілігіп, жаңа мүмкіндіктер туғызады. Күш-жігеріңізді жаңа жобаға немесе нәтижелі іске жұмсауға дайын болыңыз. Қай жерге шақырса да бас тартпаңыз. Арыстанға тән айбатыңызбен барлық мәселені оп-оңай, майдан қыл суырғандай шешетін боласыз.
Сонымен Мешін жылында: сіз жақсы адамдармен жолығасыз; биік мансапқа жету үшін жасалған қадамдар сәтті болады; жетістік пен табыс мол болады; жұбыңызбен қарым-қатынаста еш қиындық тумайды.
Бикеш
(24 тамыз – 22 қыркүйек)
Сабырлы қалпында жүріп, төзімділік таныта білу – Бикештердің жұлдызнамасындағы басты артықшылықтардың бірі. Келесі жылы осы артықшылықтарыңызды өзге жұлдызнамаларға қарағанда жемістіге айналдыру мүмкіндігі өте жоғары. Сіздің басты кемшіліктеріңіздің бірі – қызғаншақтық. Сіз достарыңыздың, әріптестеріңіздің, бөтен жандардың жетістіктерін көре алмайсыз. Сол себепті шыдамдылық танытыңыз. Жетістікке жету мақсатында айналадағы адамдардың қолдауын күтпей, тек өзіңізге сеніп, әрекет қылыңыз. Сонда ғана айыңыз оңынан туып, табысқа кенелесіз.
Таразы
(23 қыркүйек – 22 қазан)
Келер жылы Таразылар жалақысы жоғарырақ жұмыс орнына ауысуы мүмкін. Сіздің талантыңыз бен ынтаңыз бағаланып, жұмыс берушіңіз тиімді ұсыныс жасайды. Мешін жылы өзімен бірге сізге жақсы мүмкіндіктер алып келеді. Барлық ісіңіз жүзеге аспаса да, басымы жемісті болатыны сөзсіз. Қаржы мәселесінде де жұлдыздар сізге оңынан қарайды. Ақшаңыз мол болады. Таразылар жағымды энергиясының арқасында табысты жұмыс атқарады. Басты артықшылықтары болып саналатын шешім қабылдау мен мақсат қоюы Мешін жылы тек жұмыста ғана емес, сонымен қатар үйде де, махаббатта да сәтті болмақ.
Сарышаян
(23 қазан – 21 қараша)
Сіз бақытты жансыз, өйткені өмір сіз үшін барлық кедергілерді жойып отырмақ. Сарышаянның өміріндегі басты кемшілігі – қызғаныш. Сол себепті жұлдыздар өзіңізді тежей білуге шақырады. Сөздеріңізге ие болыңыз. Әйтпесе дұшпандар қатары көбеюі мүмкін. Дегенмен қызғаншақтықтың да пайдасы барын ұмытпаңыз. Ең бастысы, қызғаншақтық – жүйеліліке әкеледі. Соның арқасында Сарышаян өзінің мақсаттарын орындауға тырысады. Сонымен қатар жақынына да көмектесуден аянбайды. Мешін жылы Сарышаян энергиясының көптігімен кез келген қиыншылықтарға тойтарыс беріп, қарсыласын жеңіп тынады. Өзіңізге сенімді болыңыз. Мақсатқа жету жоспарын құрып, ақырындап қадам баса беріңіз.
Мерген
(22 қараша – 21 желтоқсан)
Мешін жылы сіз үшін аса сәтті болмақ. Келер жылы сіздің көңіл-күйіңізге жақсы әсер ететін себеп мол болады. Кішігірім кедергілер өміріңізге әсерін тигізбейді. Барлық шаруаңыз жеңіл әрі жылдам шешіледі. Мергеннің басты артықшылығы – көздеген нысанасын құр жібермейтіндігінде. Сондықтан да Мешін жылы тек белгілі жобаларға атсалысыңыз. Көз қызығарлық көп іс-шараларға қатысқанша, болашаққа пайдасы бар, нәтиже беретін жоспарларды орындаңыз. Сондай-ақ әрдайым өзге сала бойынша да өзіңізді жетілдіруді ұмытпаңыз.
Тауешкі
(22 желтоқсан – 20 қаңтар)
2016 жыл – нағыз сіздің жылыңыз. Бойыңыздағы асып-тасып жатқан күш-қуатыңызды дұрыс бағытқа бұра білсеңіз болғаны, сәттілік өзі-ақ есігіңізден сығалайтын болады. Қайратыңыз көп болатындығы соншалық – өз күшіңізді тек қана жұмысқа жұмсап қоймай, сүйікті ісіңізге де толыққанды арнасаңыз болады. 2016 жыл сізге күш-қуат қана беріп қоймай, жағымды жаңалықтарымен де қуантатын болады. Мешін жылы жаңа баспана иемденіп немесе жаңа көлік тізгіндеп қалуыңыз әбден мүмкін. Сіз үшін өзгелер қызғаныш пен қуаныш сезімін сезінетін болады. Өйткені Мешін жылы сіз бақыт, шаттық, қуаныш, күш пен қайратқа кенелесіз.
Суқұйғыш
(21 қаңтар – 19 ақпан)
Сіз білім мен ғылымның адамысыз. Ал 2016 жыл дәл осы саладағы азаматтар үшін аса табысты болмақ. Құдды бір сиқыршыға ұқсап басыңызға келген барлық тың ойларды іске асыратын боласыз. Ең бастысы, жалқаулығыңыз тартып қалмасын. Ал адами қатынастарға келгенде ұстамдылық пен түсіністік таныта білгеніңіз дұрыс. Өйткені қызба мінезіңіздің кесірінен біраз жанмен араздасып қалу қаупі бар. Алайда жайдары мінез танытсаңыз, ол қиындықты оп-оңай еңсеретін боласыз. Жаңа таныстық пен жаңа қатынастар күтіп тұр. Алайда адам үшін ең керегі – тұрақтылық екенін естен шығармаңыз.
Балықтар
(20 ақпан – 20 наурыз)
Сізге сәттілік үнемі серік болатынын өзіңіз жақсы білесіз. Алайда келер жылы ағысқа қарсы көп жүзбегеніңіз жөн. Кедергілерді жеңу үшін ақылды емес, парасат пен түйсікті көбірек қолданыңыз. Жеке өміріңізде үлкен өзгеріс болмақ. Болашақ жарыңыз болатын жанды кездестіріп қалуыңыз бек мүмкін. Алайда қатынасыңызды суытып алмау үшін үнемі тұрақтылық танытыңыз. Жұмысыңыз бірқалыпты деңгейде өрбитін болады.