Бадам жаңғағы балаларға да, ересектерге де пайдалы

/uploads/thumbnail/20170708210456371_small.jpg

Егер күнде аз мөлшерде бадам жаңғағын жеп отырса, адам күнделікті тағам рационын едәуір жақсартқан болар еді. Бұл балаларға да, ересектерге де аса пайдалы, деп жазды Zee News.

«Бадам(Миндаль) - өсімдік ақуызы, маңызды майлы қышқыл, Е дәрумені, магнийдің таптырмас көзі», - деді Флорида университеті докторы Алисса Бернс.

Мұны анықтау үшін 14 апталық зерттеу жүргізілді. Ол бадамның адам денсаулығын өзгерткенін көрсетті. Еріктілер тобына (29 жұп ата-ана мен балалар) ересектердің басым бөлігі 35-ке дейінгі аналар енді. Ал балалар 3-6 жастық топқа бөлінді. Балаларға 14 грамм бадам майын, ата-аналарға - күн сайын 14 грамм бадам жаңғағы берілді.

Зерттеу рацион сапасын арттыруға жәрдемдескені анықталды. 

АНЫҚТАМА: 
Бадам, миндаль (Amyg-dalus) - раушангүл тұқымдасына жататын ағаш немесе бұта.
Қазақстанда 5 түрі кездеседі, олардың ішінде шаруашылықтық маңызы бары (A. communіs) Оңтүстік Қазақстанда қолдан өсіріледі. Бадамның биіктігі 6-10 м, пішіні - пирамида тәрізді немесе дөңгелек болады.

Бадам жапырағы.

Жабайы түрі бұта болып өседі, бұтақшалары тікенекті, тамырлары топыраққа терең бойлайды.[2]Бадамның жемісі сүйекті, салм. 0,6 - 5,4 г, дәнінің үлесі 12 - 80 г. Жемісі тәтті немесе қышқылтым келеді. Жемісі тәтті сорттарының құрамында 40 - 80 г май, 20 - 25 грамм белок, 5 грамм қант және 3-ке жуық шырыш, ал жемісі ащы сорттарында 2,5 грамм эфир майы (амигдолин) болады.

Бадам ағаштары 100 жылдай жасайды, 30-40 жыл жақсы жеміс береді. Екпе көшеттері отырғызылғаннан кейін 3-4 жылда жемісбереді, орта есеппен әр га-нан 10-25 центнер өнім алынады. 

 

 

Қатысты Мақалалар