2017 жылы Қазақстанда алғашқы «жасыл мұнара» тұрғызылады

/uploads/thumbnail/20170708210457183_small.png

2017 жылы елорада «жасыл мұнара» бой көтереді. Talan Towers деп аталатын жоба халықаралық экологиялық стандарттарға сай алғашқы нысан болмақ. Жоба авторлары Нью-Йорктегі «Бостандық мұнарасы», Шанхайдағы «Цзинь Мао», Чикагодағы «Трамп Тауэрдың» нобайын жасаған әлемдік деңгейдегі құрылыс компаниясының сәулетшілері.

Ғимаратта электр жарығын үнемдеу үшін күн сәулесінен қуат алатын батареялар орнатылады. Сондай-ақ суды тиімді пайланау жүйесі де қарастырылмақ. Естеріңізге сала кетейік, нысанның құрылысы 2013 жылы басталған болатын. Оған 300 млн доллар көлемінде инвестиция тартылды.

Қатысты Мақалалар