Израильде атыстан 8 адам жараланып, 1 адам қаза тапты

/uploads/thumbnail/20170708210508387_small.jpg

Израильдегі Тель-Авив қаласының орталығында атыс болып, 1 адам қаза тапты, сегіз адам жараланды, - деп хабарлады ҚазАқпарат.

Атыс бар-кафеде болған. Автоментпен атқан қылмыскер оқиға орнынан ізін суытып үлгерген. Жергілікті полиция жағдайдың террорлық оқиғаға қатысы бар-жоқтығын анықтауда. 

«Оқиғадан 8 адам жарақаттанған, оның үшеуінің жағдайы өте ауыр, 1 адам қаза тапты», делінген хабарламада. 

Полициа оқиға болған жерді қоршауға алған.

Қатысты Мақалалар