Қытайдың Гонконг қаласының тұрғындары жаңа жыл басталысымен билікке қарсы ереуілге шықты,- деп хабарлайды «Қамшы» порталы 24-арнаға сілтеме жасап.
Олар шаһар басшылары қаражатты пайдасы аз істерге жұмсап отыр деген ойда. Ал билік қаржыны жүйрік пойыз жолы мен қаланы Оңтүстік Қытаймен байланыстыратын көпір құрылысына шығындамақ. Шаһар басшысының отставкаға кетуін талап еткендер «жағдайды жаңа жылдың басынан түзеп алуды қалаймыз», - дейді.
Жэймс Хон, ереуілге қатысушы:
- Жаңа жылдың алғашқы күндерінде тұрғындар өз ойларын ашық білдірсе, онда қала үшін бір пайдасы болатынына сенемін. Жыл бойы біз өз пікіріміз үшін күресетін боламыз.