ВКонтакте желісінде Қазақстанның Мемлекеттік туы үлгісінде әзірленген дәретхана маңдайшасының суреті жарияланды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Мемлекеттік тудың көгілдір түсіне сай дәретхана есігіне ілінетін маңдайша бас рәмізде қолданылатын оюмен өрнектелген. Бұған дейін Мемлекеттік туға қоқыс орап тасығандардың әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен еді. Енді Қазақстанның Мемлекеттік туы дәретхананың сәніне айналып отыр.