Украина аспанында атып құлатылған малайзиялық ұшақ ісі бойынша зерттеу жүргізген Bellingcat сарапшылар тобы зениттік-зымырандық кешенді басқарған және ұшақты атып құлатуға бұйрық алған 20 әскери қызметшінің есімдерін анықтады, - деп хабарлайды DW.
Сарапшылар әзірлеген баяндама оқиғаға қатысы бар әскерилердің толық аты-жөндерімен бірге Нидерланды прокуратурасына тапсырылған.
Bellingcat сараптама орталығының құрылтайшысы Элиот Хиггинс жолаушылар ұшағын атып құлатқан Ресей әскерилерін Ресей мен Украина шекарасы маңында өткен жылдың маусым айында тұрақтаған әскери бөліністер туралы деректер және әскерилердің әлеуметтік желілерге жариялаған суреттері мен посттары негізінде анықтағанын айтады. Оның айтуынша, ресейлік 53-зениттік-зымырандық бригаданың кейбір әскери қызметшілері тіпті, кезекшілік кестесіне дейін желіге жариялап отырған.