ДАИШ содыры түрік ауруханасынан қашып кеткен

/uploads/thumbnail/20170708210619638_small.JPG

Түркияның Ерзурум қаласындағы аурухананың ортопедия бөлімінде ем қабылдап жатқан Махмут әл-Ганим есімді ИШИМ содыры терезеден секіріп, қашып кеткен. Бұл жайында «Birgun» газеті хабарлайды.

Ақпаратта Көші-қон полиция департаменті оны «жанкешті» (өзін-өзі жарып жіберуші) деп таныған. Лаңкестікке қарсы күрес департаменті берген мәліметтерде де ол «ИШИМ жанкештісі» делінген.

Махмут әл-Ганим лаңкестік әрекеттері үшін істі болып, Түркия түрмесінде жазасын өтеп жатқан болатын. Полиция оның 1986 жылы Сирияның Халеп қаласында дүниеге келгенін, лаңкестер құрамында соғысып жүріп, қолға түскен лаңкес екенін хабарлады. Түркия құқық қорғаушыларының айтуынша, лаңкестер Түркияның қауіпсіздік мәселесіндегі осалдығын пайдаланып жүрген көрінеді. Полиция Әл-Ғанимның ауруханадан қашып шығуын сыбайластарының әрекеті деп отыр әрі радикал исламшыларға қарсы қауіпсіздік күштерінің «ұстанымын» да білдіреді дейді. Лаңкестердің түзеу мекемелеріндегі мүдделестеріне қолдары жете алмағанымен, ауруханаларда жатқандарын алып шығуға мүмкіндіктері бар. Осыны ескере отырып, түркиялық басылым ел азаматтарын қауіпсіздік шараларына мұқият болуға шақырған.

Естеріңізге сала кетеік, өткен жылдың қараша айында Анкара қаласында ИШИМ содыры өзін-өзі жарып, 97 адам қаза тапқан еді

Қатысты Мақалалар