Сауд Арабиясы Йемендегі зағиптар орталығын бомбалады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708210651747_small.jpg

Сауд Арабиясы бастаған коалиция Йемен астанасындағы зағиптар мен көзі нашар көретін жандарға арналған орталықты бомбалады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы 24-арнаға сілтеме жасап.

Бұдан басқа, халықаралық әскери одақ ұшақтары осы елдің сауда палатасының бас кеңсесін де талқандаған. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Бұл орталық Дүниежүзілік банктің қаржысына ашылған екен. Бірақ Сана қаласының халқы коалиция күштерінің шиіттік бүлікшілер – хуситтер бекінген жерлерді ғана емес, балалар бар орындарды, тұрғын үйлер мен жануарларды да әуе соққысының астына алып, аяусыз қырып жатқанын айтады. Ашынған жұрт наразылықтарын ереуілге шығып білдіруде. Әуе шабуылдары басталған өткен жылдың тамызынан бері 3 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тауып, 5 мыңнан астамы жарақат алған.

 



 

 

Қатысты Мақалалар