Тараздықтар тапаншаларын тапсырды

/uploads/thumbnail/20170708210652560_small.jpeg

ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін Жамбыл облысы аумағында ерікті және ақылы түрде қару-жарақтарды тапсыру акциясы жүргізілді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы BNews.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысының ІІД ұсынған мәліметінше, 2015 жылдың 1 қаңтарында аймақта 1631 қару тіркелген. Оның ішінде 517 оқ ататын, 1114 газды травматикалық қару бар.

2015 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін жергілікті тұрғындар тарапынан 1637 өтініш түсіп, ерікті түрде 1637 травматикалық қару тапсырылды.

Қаруларды қабылдаған комиссия шешімімен 82 млн 80 мың теңгеге 1610 қару сатып алынды. 77 млн 797 мың теңге төленіп қойды. Қалған қарудың ақшасын 2016 жылы беретін болады.

Тіркеу мерзімі бұзылған 50 қару тапсырылып, олардың иелері әкімшілік жауапқа тартылды. Айыппұл көлемі 258 мың теңгені құрады.

2016 жылдың 1 қаңтарына дейін травматикалық қаруды тапсырмаған азаматтар ҚР ҚК 287 бабына сәйкес жауапқа тартылады.

 



 

 

Қатысты Мақалалар