Астаналықтар Елорданың аязы мен қала басшылығының кей әрекеттерін әзілге айналдырып, арнайы ролик түсірген. Бейнеролик Youtube желісіне кеше орналастырылды. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.
Ролик аялдамада мұздаған қыздың суықтан тоңып жатқан жігітін «Шрэк, автобус келді» деп оятатын сөздермен басталады.
15 секундтық ролик әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқылануда.