Таразда даладағы дәретханадан жаңа туған нәресте табылды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708210654341_small.jpg

Жаңа туған нәресте Тараз қаласының іргесінде орналасқан қоғамдық дәретханалардың бірінен табылған. Оны сол маңнан кездейсоқ өткен көлік жүргізушілері байқап қалыпты. Бұл туралы «Қамшы» порталы sn.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі таңда полиция сәбиін дәретханада босанған көкек ананы іздестіру үстінде.

Баланы тауып алған куәгерлердің айтуынша, олар дәретханаға кірген кезде шұңқыр ішінде жыбырлап жатқан денені байқаған. Ұялы телефонның жарығын түсіріп қараған сәтте оның сәби екенін анық көріпті. Нәресте қимылдап жатқанымен үн шығарудан қалған екен дейді олар.

Оқиға орнына полицейлермен бірге дереу жедел жәрдем де келіп жеті. Жаңа туған баланы сыртқа шығару үшін құтқарушыларға дәретхананың беткі қабатын бұзуға тура келген. Абырой болғанда, шарана еш жарақаттанбай сыртқа аман-есен шығарылды. Қазір дәрігерлер оны қатаң бақылауға алған, денсаулығына қауіп жоқ дейді.

 

 



 

 

Қатысты Мақалалар