Nomura сарапшылары Brent маркалы мұнайдың бағамы алдағы он күннің ішінде барреліне 30 долларға шейін арзандайтынын болжады. Ал, UBS Group AG мамандарының пікірінше, алдағы күндері баға бұдан да төмен түсуі мүмкін, - деп хабарлайды ресейлік РБК агенттігі.
Жапонияның Nomura қаржы холдингінің сарапшылары солтүстіктеңізден өндірілетін Brent мұнайының баррелі алдағы он күн шамасында 30 долларға шейін түседі деп болжап отыр.
Батыстехастық WTI мұнайының бағасы ең төменгі 2003-ші жылғы деңгейге, Brent 2004-ші жылғы деңгейге түсті. WTI мен Brent соңғы төрт күнде 33 доллар деңгейінде саудалануда.
Ал, UBS Group AG мамандары «мұнайдың артығымен саудалануы бағаны барреліне 30 доллардан да төмен деңгейге түсіреді» деген пікірді ұстануда.