Қазақстанның екі облысында жол жабылды

/uploads/thumbnail/20170708210707873_small.jpg

Қазақстанның екі облысында жол жабылды, - деп хабарлады ҚазАқпарат «Қазақавтожол» РМК-ге сілтеме жасап.

8 қаңтарда 01.30-да Ақмола облысында ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (ауа температурасы -27⁰-33⁰С төмендеуіне орай) мына бағыттардан басқа: 

1. «Астана-Ерейментау-Шідерті» (16-205 шақырым),   Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін;

2. «Екатеринбург-Алматы»  (1275-1353 шақырым),   Астана қаласынан Қарағанды облысы шекарасына дейін  жолдарды қоспағанда, дизельді және  қоғамдық көліктер үшін барлық бағытта облыс бойынша жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Бұл бағыттарда қозғалыс сағат 07.00-де ашылды.

Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына және көктайғақ орын алуына байланысты «Екатеринбург-Алматы» автожолында (1858-2005 шақырым) Балқаш қаласынан Жамбыл облысы шекарасына дейін жүк және қоғамдық автокөлік үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

 

 

Қатысты Мақалалар