Жамбыл облысында жол бойындағы дәретханадан табылған баланың денсаулығы жақсы,- дейді Тұрар Рықұлов ауданы орталық ауруханасының дәрігерлері.
Дәретханада туылып, суықта жарты сағаттай жатып қалған қыз бала аздап суықтағанымен, өзін жақсы сезінеді. Дәрігерлер оның асқа деген тәбетін де жақсы деп отыр.
Полиция сәбидің анасы басқа елдің азаматы болуы да мүмкін деген нұсқаны да қарастыруда.
Естеріңізге салсақ, 2 қаңтар күні Жамбыл облысында жол бойындағы дәретханалардың бірінен жаңа туған нәресте табылған еді.
Ауруханадағы сәбидің видеосын мына сілтемеден көре аласыздар.