Трамвай апаты бойынша іс сотқа жіберілді

/uploads/thumbnail/20170708210808436_small.jpg

21 қыркүйекте трамвайдың қатысуымен Алматыда болған жол апату бойынша сот алды тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Сотта кінәлі ретінде вагон жүргізушісі Елена Сткольникова, оның тәлімгері И. Чучкалова мен трамвай депосының механигі Н.Никоненко жауап бермек.

«Айыптау актісіне сәйкес, Н.Никоненко трамвай депосының механигі ретінде техникалық ақауы бар көлікті пайдалануға жіберген. Соның салдарынан адам денсаулығына абайсызда нұқсан келтіру оқиғасы орын алды. Бұл әрекеттер ҚР ҚК-нің 348-бабы 2-бөлімі бойынша квалификацияланады» делінген Алматы қалалық соты таратқан хабарламада.

И.Чукчалова болса жүргізушілердің тәлімгері бола тұра лауазымдық нұсқаулықтарды бұзған. Сондай-ақ, ол трамвайдың өз бетімен жүріп кетуіне жол берген. Жүргізуші Е.Стекольникова болса ақауы бар трамвайды басқару арқылы жол ережесін бұзған.

Іс сотқа жіберілгенімен аталған іс бойынша алдын ала сот тыңдауы өтетін мерзім әлі белгіленбеді.

 

Қатысты Мақалалар