«Өнегелі өмір» сериясының кезекті шығарылымы Темірбай Дарханбаев пен Мұрат Айтхожинге арналды

/uploads/thumbnail/20170708210817686_small.jpg

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Қазақ университеті» баспасынан жарық көріп келе жатқан «Өнегелі өмір» сериясының кезекті 67,68-шығарылымы Қазақстанныңбелдіғалымдары, академиктер Т.Б. Дарханбаев пен М.А. Айтхожинге арналып шығарылды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Кітапта ғалымдар жайлы биографиялық ақпараттар, олардың ғылыми мақалалары мен жеке мұрағат суреттері, сонымен қатар, достары, туыстары, замандастары мен әріптестерінің, шәкірттерінің жылы лебіздері мен естеліктері қамтылған.

Салтанатты шараны ашқан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым МұтановТемірбай Байбосынұлы мен Мұрат Әбенұлының өмірі, еңбек жолы өскелең ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.

«Қазақ бидайының биохимиялық және технологиялық қасиеттерін зерттеуді ең алғаш болып Дарқанбаев Темірбай Байбосынұлы өз қолына алған еді. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың ректоры болған ғалым біздің университетіміздің дамуына сүбелі үлесін қосып, талай қазақстандық генетиктерді тәрбиелеген адам, – дей келе ректор Ғалым Мұтанов Айтхожин Мұрат Абенұлының өнегелі өмір жолына да кеңінен тоқталды.–Қазақстанда молекулалық биология мен биотехнологияның негізін қалаған ғалымның есімі бүгінде 1983 жылы негізін өзіқалаған Молекулалық биология мен биотехнология институтына берілген. Еліміздің болашақ биолог мамандары үшін оның еңбектері– бірегей теңдесі жоқ ғылыми мұра».

Кездесуге келген қонақтар, ҚР ҰҒА академиктері замандастарының өмірінен қызықты оқиғалар айтып, ғалыммен бірлесіп жасаған жұмыстары туралы естеліктерімен бөлісті.

 «Қамшы» сілтейді

Қатысты Мақалалар