Жаңа бокс мектебі қазақ жастарын спортқа баулымақ (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708210818405_small.jpg

Алматыда балалар мен жасөспірімдерді боксқа баулитын жаңа жаттығу залы жұмыс істеуде, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Ашылғанына үш ай болған жаттығу залында бүгінде 150-ден астам боксшы жаттығуда. Жақында бокс мектебінде Алматы қаласы мен облысы аумағындағы бокс мектептерінің тәрбиеленушілері арасында ашық біріншілік өтті. Оған қала мен облыстың спорт мектептерінде, «Ертал» бокс клубында жаттығып жүрген жас боксшылар қатысты.

«Жалпы, жастар мен балалар арасындағы спортқа ерекше мән берілуі керек. Бүгінгі балалар ертең еліміздің атағын шығаратын даңқты спортшы болуы мүмкін. Еліміздің Қанат Ислам, Серік Сәпиев, Геннадий Головкин, Бекзат Саттарханов сынды спортшыларымыз да осылай бала кездерінен спортпен шұғылданып, үлкен жетістіктерге жеткенін білеміз», - дейді бокс мектебінің негізін қалаушы Айдар Шәрібаев.

Бокс мектебі Алматы қаласында (Пушикн мен Мақатаев көшелерінің қиылысындағы «Түркістан» сауда үйінің 3-қабатында) оқушы, студент жастарды жаттықтыруды тұрақты жолға қойған.

Ерлан Төлеубай

Қатысты Мақалалар