Ақмола облысында полицей атылып өлді

/uploads/thumbnail/20170708210919718_small.jpg

Ақмола облысы Есіл аудандық ІІБ-і уақытша ұстау изоляторының 21 жастағы қызметкері өзіне бекітілген қарудан атылып өлді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«1994 жылы 19 наурызда туған уақытша ұстау изоляторы айдауылдау қызметінің қызметкері 11 қаңтар күні табельді қарумен басынан атқан. Жарақат салдарынан полицей көз жұмды» делінген хабарламада.

Аталған оқиға бойынша қызметтік тексеру басталып, қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер қаза болған қызметкердің өлімін қызмет бабымен байланысы жоқ оқиға екендігін және ол қызметке орналасар алдында, қызмет өткеру кезінде психологиялық ауытқулар байқалмағанын айтуда.


 

 

Қатысты Мақалалар