Өткен аптада Жамбыл облысында дәретханада босанып, нәрестесін сонда тастап кеткен әйелді полиция тергеуде. Сот келіншекке сәбиін қайтарып беруі мүмкін деген де болжамдар айтылуда. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының 21 жастағы тұрғыны өз әрекетін тұрмыстық қиындықтармен түсіндірген. Оның 2 жастағы ьағы бір баласы бар екенін ескеріп, сот жеңіл жаза қолдануы, тіпті нәрестені анасына қайтарып беруі де мүмкін.
Қолданыстағы заңнама бойынша, мұндай әрекетке барғандарға 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.
Қазір діретханада дүниеге келген сәби Рысқұлов аудандық ауруханасында емделуде. Дәрігерлер оған Шұғыла деген есім қойған.
Бұл туралы видеоны мына сілтемеден көре аласыздар.