Алик Ішпекбаев ҚР жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы бюроның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы қаулысына сәйкес, Алик Шпекбаев пен Талғат Татубаев ҚР жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды» делінген хабарламада.
Алик Ішпекбаев өткен жылы 24 желтоқсанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Агенттік төрағасының орынбасары лауазымынан Агенттіктің қайта құрылуына байланысты босатылған болатын.