Қайын атасын ұрып өлтірген жігіт ұсталды

/uploads/thumbnail/20170708211002625_small.jpg

Шымкентте ағайынды екі жігіт бірінің қайын атасын ұрып өлтірген. 52 жастағы тұрғынның жансыз денесін көршілері тауып алған, -деп хабарлайды «Қамшы» порталы ОҚО ІІД-і баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әл-Фараби аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері шұғыл іздестіру шараларын жүргізіп нәтижесінде осы іске қатысы бар деген күдікпен марқұмның күйеу баласы мен оның ағасын ұстаған. 1987 және 1989 жылдары туған ағайынды жігіттер сол күні таңертең жәбірленушінің үйіне, яғни үлкен ағасының қайын атасына қонаққа барған. Ішімдік ішіп алған жігіттер сөзге келіп қалады. Оның соңы төбелеске ұласқан. Дүрдараздық кезінде қылқындырып, жерге құлаған азаматты екеуі жабылып аяусыз ұрып-соққан. Ауыр дене жарақатын алған қала тұрғыны өз үйінде жан тәсілім еткен.

Күдіктілер оқиға орнынан ізін жасырып үлгерген. «Қазіргі таңда ағайынды жігіттерге қатысты қылмыстық іс қозғалды», - дейді ОҚО ІІД баспасөз орталығындағылар.

Қатысты Мақалалар