Парламент Мәжілісі таратылса, депутаттарға үш айға дейін 500 мың теңге жәрдемақы төленеді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
«ҚР Парламенті туралы» конституциялық заңға сәйкес, өкілеттілік мерзімі аяқталған, Парламент немесе Парламент Мәжілісі отставкаға кеткен немесе тарқатылған жағдайда, депутаттар жаңа жұмысқа орналасқанша немесе зейнетке шыққанша орташа жалақысы көлемінде мемлекеттен жәрдемақы алады. Бірақ, бұл жәрдемақы үш айдан артық төленбейді. Бүгінде Мәжіліс депутаттарының орташа еңбекақысы 500 мың теңгені құрайды.