Астана әкімі Ресей банкін сатып алды

/uploads/thumbnail/20170708211045501_small.jpg

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков ресейлік банктің 80% акциясының қожайыны болды. Бұл хабарды бүгін bk55.ru порталы таратты.
13 қаңтарда шыққан басылымның мәліметі бойынша, ААҚ "Плюс Банк" банктің 83,32% акциясы қазақстандық Цеснабанкке тиесілі екенін ресми түрде мәлімдеді. Ал Цеснабанктің иесі ҚР экс-қорғаныс министрі, қазіргі кезде Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков. "Коммерциялық хабардың" мәліметінше, қалған 14,68% акция Біріккен Араб Әмірлігінің «Линекс Глобал СЭЗ»-ге тиесілі. Бұған дейін Плюс Банк "Омск Банк" деп аталғанын еске сала кетейік. 2004 жылдан бастап оны қазақстандық ТуранАлем банкі бақылап келген. 

Қатысты Мақалалар