Жамбыл облысында өлі нәресте табылды

/uploads/thumbnail/20170708211044001_small.jpg

Жамбыл облысындағы Ақкөл ауылына кіреберісте жол бойында өлі сәби табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Сәбидің жансыз денесі 13 қаңтарда Бостандық-Ақкөл тасжолының жиегінде табылған. Тергеу шаралары кезінде сәбидің шешесінің кім екендігі анықталды. "Кәмелетке толмаған анасы қазіргі уақытта ауруханада жатыр, ал оның шешесі ұсталды. Тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Оқиғаның мән-жайын полицейлер нақтыламай отыр. Расталмаған деректер бойынша, сәбидің анасы 1999 жылғы. Ол көлікте босанған делінеді.

Еске салайық, қаңтар айының басында Жамбыл облысы Абай ауылының маңындағы автомобиль тасжолындағы қоғамдық дәретханалардың бірінен тірі сәби табылған болатын.


 

Қатысты Мақалалар