Алматы тауларындағы қар барысының видеосы жарияланды

/uploads/thumbnail/20170708211138986_small.JPG

Қызыл кітапқа енген қар барсының видеосын тауға демалысқа шыққан тұрғындар түсіріп алған.

Қарда жүретін арнайы мотомен тауда жүрген барыстың дәл жанына барып түсірілген видео ғаламтордағы фейсбук желісіне орналастырылды.

Пікір білдірушілер видеоны түсірген адамдардың әрекетін сынға алып, мұндай жағдайларда шошынған жануар қашамын деп мертігуі мүмкін екенін айтуда.

Қызыл кітапқа енген бұл түз тағысы елімізде көп емес. Кей мәліметтерге сүйенсек, 130-дан астам қар барсы Қазақстан тауларын мекендейтін көрінеді.

 

 

 

Қатысты Мақалалар