СЕГІЗ ӘЙЕЛ СИРИЯ САПАРЫНАН ҚАЛДЫ

/uploads/thumbnail/20170708211154783_small.jpg

Қандыағаш қаласында тұратын сегіз әйел Сирияға кетпекші боп жүрген жерінен ұсталды. Олардың арасында 17-18 жастағы қыздар да болған, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Керек.info-ға сілтеме жасап.

Жақында Қандыағашта Сирияға аттанбақшы болған сегіз қыз-келіншек ұсталған. Астыртын әрекеттері әшкере болған әрбір екінші әйел бірнеше мәрте тұрмыста болған. Яғни, оларды дін жолын ұстанатын күйеулері талақ еткен,-деп хабарлаған сайтқа сенімді ақпарат көзі. 

“Керек. info” тілшісіне ақпарат берген азамат аты-жөнінің аталғанын қаламапты. Өйткені, ол өзі мешіт қызметкері көрінеді. Оның тағы бір әріптесі де бұл ақпаратты растап отыр. Айтуынша, Сирия аспақ болған сегіз адамның арасында 17-18 жас аралығындағы бойжеткендер де бар. Күштік құрылымдар аталған сегіз азаматшаның үшеуін жауапқа тартты,-дейді мешіт қызметкері. 
Ауылдастарының Сирия асып кетпекші болғаны туралы әңгіме қазір шағын қалада желдей есіп тұр.

Зейнетақының жайымен поштаға барған едім. Кезекте тұрған адамдар сегіз әйел соғысқа кетпек болған-деп шулап жатты. Арасында жап-жас қыздар да бар көрінеді, - дейді Қандыағаштың Ж. есімді тұрғыны. 

Ақтөбеде діни ахуалдың күрделі екендігі ешкімге де құпия емес. Сөйте тұра ресми органдар жауырды жаба тоқудан танбай отыр. Осы аптада дін жолын ұстанатын 20 жастағы жігіттің мектеп оқушысымен неке қидыртпақ болғаны да әшкере болды. 

Бұл оқиға былтыр облыс орталығында болған. Бірақ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жылды қорытындылаған жиында ғана белгілі болды. Сот төрайымы Майра Үрістембаеваның айтуынша,14 жастағы мектеп оқушысы әлеуметтік желі арқылы 20 жастағы жігітпен танысады. Үйінен бұрын-соңды ешқайда ұзап шықпаған, кафе, клубтардың табалдырығын аттамаған оқушы анасы жоқ кезде әлгі жігітпен өз үйінде кездесіп отырған. Екеуі жыныстық қатынасқа да түскен. Тергеу мұндай жағдайдың жасөспірімнің үйінде бір емес, екі рет болғанын анықтады. 
Оқушы қыз болған жағдайды мектептегі құрбысына сыр қылып айтады. Бір күні мешітке барып некелерін қидыртпақ ойлары барын да бөліскен.Оқушы қыз естіген-білгенін сынып жетекшісіне жеткізеді. Мұғалім оқушының ата-анасына қоңырау шалған. 

Осылайша мұғалім мен ата-ана бірлесе жүріп, мешітке некелерін қидыртуға бара жатқан оқушы қыз бен жас жігітті тоқтатады. Кәмелетке толмаған жасөспірімді жыныстық қатынасқа итермелеген 20 жастағы жігіт соттың үкімімен бас бостандығынан айрылды. 

-Дін мәселесі бізді де қатты ойландырып отыр,-деді жылды қорытындылаған кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Майра Үрістембаева.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар