Елдегi Мәжiлiспен мәслихаттың мерзiмiнен бұрын сайлауы жаңару мен сенiм индикаторы болмақ. Бұл жөнiнде ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесi төрағасының орынбасары Наталья Калашникова мәлiмдедi.
"Мен сайлау технологиясы, сайлау жүйесiмен айналысатын сарапшы ретiнде жаңа жыл басында үш саяси фракцияның елiмiздегi Мәжiлiс және барлық деңгейдегi мәслихаттардың мерзiмiнен бұрын сайлауын өткiзу туралы бастамасын қолдаған болатынмын. Кез-келген жылдың басы бұл қоғамның жаңаруға деген ұмтылысы. Сондықтан, бұл мәселеде соңғы сөз Мемлекет басшысы тарапынан айтылары анық", - деген ол бүгiнде бұл бастама төңiрегiндегi пiкiрлерге тоқталып өтiп, бүгінгі таңдағы Бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға қатысуға деген ұмтылысы, ниетi айқын байқалатынын айтты.
"Мемлекет басшысы сәйкес шешiм қабылдаса, онда алдағы сайлау жаңару индикаторы, сенiм индикаторы және жауапкершiлiк пен қазақстандықтардың Елбасы "100 нақты қадам" Ұлт жоспарында алға қойған жаңа мiндеттердi шешуге қатысуының индикаторы болмақ. Әрбiр қазақстандықтың бұл оқиғаларға белсендi қатысуға деген ұмтылысы бiздiң саяси жүйенiң және қоғамдық сананың жаңаруы болса керек. Егер, Елбасы қолдаса, бұл қызықты сайлау, электораттық белсендiлiк болмақ", - дейдi Н.Калашникова.
Дереккөз: strategy2050.kz
Пікір қалдыру