Мерзімінен бұрын сайлау өткізу Конституциялық нормада бар. Бұл жөнінде «Еуропа құқығы және адамзат құқығы институты» қоғамдық бірлестігінің директоры, профессор, заң ғылымдарының докторы Марат Бәшімов айтты.
![](/uploads/image_news/20170708211224611.jpg)
Заңгер мерзімінен бұрын сайлау өткізу арқылы мемлекеттің алдында тұрған стратегиялық жоспарларды жүзеге асыра аламыз деп санайды.
«Егер Елбасы депутаттардың үндеуін қолдап, келісім беретін болса, Парламентке белсенді, білімді жастарды жинауға мүмкіндік туады. Креативті, жаңа заманның ережелерін білетін, «Болашақ» бағдарламасымен оқып келген жастарымыз көп. Соларға мүмкіндік беріледі», - дейді М.Бәшімов.
Пікір қалдыру