Орал-Саратов тасжолында жол апатынан екі адам көз жұмды

/uploads/thumbnail/20170708211227565_small.jpg

Бейсенбі күні Орал-Саратов жолында «Лексус» автокөлігінің 1989 жылғы жүргізушісі көлік руліне ие бола алмай, қарсы бетке шығып кетіп, 1974 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «Тойота Прадо» автокөлігімен соқтығысты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жол-көлік оқиғасынан «Лексус» автокөлігінің қос жолаушысы Орал қаласындағы облыстық клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қос көліктің жүргізушілері түрлі жарақатпен сол облыстық ауруханаға жатқызылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне (екі адамның өліміне соқтырған жол қозғалысы мен көлік құралдарын пайдалану ережесінің бұзылуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдар жүргізілуде.
Еске сала кетейік, өңірде сол күні қар толассыз жауып, жел күшейіп, боран болған еді.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар