Лаңкестер шабуылынан 23 адам қаза тапты (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708211251862_small.jpg

Буркина-Фасо астанасында содырлар басып алған Splendid қонақүйінде кепілге алынған азаматтарды азат ету операциясы аяқталды.  Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде Буркина-Фасо астанасында қлаңкестер қонақүйдегі адамдарды тұтқынға алған болатын. Қаскөйлердің қолынан 23 адам ажал құшып, тағы 126-сы босатылған. Олардың 33-і жараланыпты. 3 содырдың көзі жойылды. Қанды қырғын үшін жауапкершілікті «Әл-Каидамен» байланысы бар бар лаңкестік топ өз мойнына алған. Соңғы мәлімет бойынша содырлар іргелес Ybi қонақүйін басып алған. Сондай-ақ Буркина-Фасоның солтүстігінде лаңкестер Австриядан барған дәрігер мен оның әйелін ұрлап кеткен.

Мариэтта Киноу, куәгер:

- Біз мұнда АҚШ-тан келген достарымызды шығарып салу үшін келгенбіз. Олармен бірге «Каппучино» мейрамханасына кіріп, тапсырыс берген бетіміз еді. Кенеттен оқ атылды. Біз өлген кісі секілді жерге жата қалдық. Олар ғимаратқа от қойды. Тынысым тарылып, қатты қиналдым. Сіңілім екеуіміз терезеден қашып шығып, сыртта тұрған көліктің астына жасырынып үлгердік. Тәртіп сақшылары келіп құтқарғанша біз осылай 45 минут жатыппыз. 

Дереккөз: 24-арна

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар