Ақтауда жүкті әйелдер киімін тігетін цех ашылды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708211252753_small.jpg

Ақтауда жүкті әйелдерге арналған киімдер тігіле бастады. Әрі ыңғайлы, әрі сәнді. Жүкті әйелдер енді өзіне қажетті киімге тапсырыс бере алады, - деп хабарлайды 24.kz.

Әсіресе, Ақтаудағы «Дәрия» цехының өнімдеріне деген сұраныс күнненкүнге артып келеді. Ісмер Әсел Жекенова бірнеше қаладан дүкендер желісін ашып, 365 күн ішінде болашақ аналарға арнап, 2 мыңға жуық киім тігіп берді. Ләйла Төлешованың отандық өнімдерге бүйрегі бұрып тұрады. Жас ана жақында бесінші баласын дүниеге әкеледі. Жүктілік кезінде де сәнді әрі ыңғайлы киінгенді жақсы көретін келіншек бұл дүкеннің тұрақты тұтынушысы. Ләйла Төлешова, сатып алушы: - Жүктілік кезінде сәнділігімен қатар ыңғайлы киімдерді табу өте қиын. Шетелдік тауарлардың бағасы өте қымбат. Ал өзімізде шығып жатқан мына көйлектер өте сапалы, әрі бағасы да арзан. Тіпті жүктілік кезінде де, бала емізгенде де кие беруге болады. 1 айдан 9 айға дейін киюге болады. Мына жерде өзінің түймесі бар. Оны тесігінен өткізіп, реттеуге болады. Болашақ аналарға арналған киімдердің барлығы әмбебап. Әрқайсысында сәнгердің қолтаңбасы жатыр. «Дәрия» брендінің өмірге келуіне Әсел Жекенованың жүктілігі түрткі болыпты. Киім таңдауда талай машақатты бастан өткізген келіншек болашақ аналарға арналған көйлектер тігуді қолға алады. 12 адамды жұмыспен қамтыған отандық өндірістің өрісі кеңеюде.

Әсел Жекенова, сәнгер, жеке кәсіпкер:

- Болашақ аналарға арналған киімдердің ерекшелігі бар. Сұраныс бойынша тізеден ұзынырақ көйлектерді тігеміз және қолдары кішкене жабықтау, модаға сай ашық түсті киімдерді шығарамыз. 2015 жылы екі коллекция шығардық: жазғы және қысқы. Болашақ аналардан жақсы сұраныс болды. Мына цехта айына 200-ге жуық өнім тігіледі. Көйлектер мен жейделер, шалбарлар мен белдемшелер барлығы да болашақ аналар үшін. Жүкті әйелдер жастанатын арнайы жастықтар мен бала емізуге қажетті топтама сатылымда көш бастап тұр.

Роза Шманова, тігінші:

- С әрпіне ұқсас жастықтар жүкті әйелдер үшін өте ыңғайлы. Бұл жастықты жастанып ұйықтауға да болады, отырғанда да ішіңізге ыңғайлы. Балаларды емізгенде қолдануға болады. Бір сөзбен айтқанда, әмбебап жастық. Бір жыл бұрын дүниеге келген отандық брендтің жеткен жетістігі жетерлік. Атырау және Ақтөбе қалаларында дүкендер желісі бар. Әселдің жазғы киімдер топтамасы «Сән мен сахна» халықаралық сән байқауында екінші орынға ие болған. Ол келешекте сәнқой қыздар мен балаларға арналған киімдер тігуді қолға алмақ. Іскер әйел алтын құрсақты аналарымыз көп болса, өндірісіміз өрлей береді деген сенімде.


 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар