Қалта телефонын 10 минут ішінде қуаттап беретін чип жасалды

/uploads/thumbnail/20170708211303346_small.JPG
Рашид Язами есімді мұсылман ғалымы қалта телефонын бар болғаны 10 минут ішінде қуаттап беретін инновациялық чип ойлап шығарды. Таңғажайып құрылығы, сондай-ақ, телефон батарейінің жарамды-жарамсыз екенін де анықтап беретін көрінеді.
Сингапур технологиялық университетінде оқытушылық қызмет атқаратын Рашид аталмыш чип жасап шығару үшін 5 жыл еңбектенген.
«Уақыт өте келе бұл чипті барлық мобильді құрылғыларға орналастырамыз. Бұл чип олардың қауіпсіздігін арттырады. Жанып кетуден немес жарылудан қорықпай-ақ қойсаңыз болады», – дейді мұсылман ғалымы.
Аталмыш чиптердің бірінші партиясы биылғы жылы шығарылатын болады.
Дереккөз: muslim.kz

.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар