«Сіз не ойлайсыз?» деген «Фейсбуктің» сұрағына жауап.
«Фейсбукке» тіркелуіме бірден-бір себепкер болған дарынды жас, танымал «Қамшы» порталының басшысы әрі негізін қалаушы Біләл Қуаныш бауырымыз.
Ол:–«Сіз әлеуметтік желілерді көп қарамайды екенсіз. Бізде шыққан материалдарыңызды «Фейсбуккеде» саламыз. Пікір білдірушілеріңіз көп»,- деді, екі-үш жыл бұрын Алматы қаласында кездескенде. 2015 жылдың басынан «Фейсбукті» ара-тұра қарайтын болдым. Ал, оның мол мүмкіндіктерінің барына «Ұлы Дала Елі-Ұлттық Руханияттың Мекені» атты патриоттық іс-шараны 2016 жылдың 12 қаңтары күні Алматы қаласында өткізу барысында көзім жетті. Біз, жиналысқа алматылықтарды «Фейсбук» арқылы шақырдық. Соның нәтижесінде адамдар шараға көп жиналды.
Ал, осы «Фейсбуктің» «Сіз не ойлайсыз?» деген сауалында түсінген жанға өте терең мағына жатқаны анық. Шынында, мен нені ойлаймын. Әрине, біріншіден, азамат ретінде Отанымның бүгіні мен болашағын ойлаймын. Менің туған отаным- Қазақстан Республикасы! Ол туралы ауруханада қиналып жатқанда жазған «Отан» атты әңгімем бар. Сонымен сіздерді таныстырайын...
Ең алдымен, республикамның бүгіні мен болашағының әділетті болғанын қалаймын.
Екіншіден, туған мемлекетімде экономика мен идеология қыран құстың қос қанатындай бірдей болғанын қалаймын. Ұлы Дала елінде ұлттық руханияттың берік қалыптасуын қалаймын.
Үшіншіден, Қасиетті жерімізді жемқорлар мен жезөкшелерден тазарту. Оларды өлім жазасына тарту Тірі қалған жемқорлар мен жезөкшелерге теріс бата беріп, теріс атқа мінгізіп барса келмеске жер аударып, қоғамды лас адамдардан арылтып отыру керек.
Төртіншіден, балаларыммен немерелерімнің болашағы қалай болады деп алаңдаймын. Олар қандай қоғамда өмір сүреді? Әкем, марқұм Түгел мына сөзді жиі қайталап айтып отыратын: «Азамат таза болу керек. Азаматтар таза болса, қоғам таза болады. Қоғам таза болса, мемлекетіміз мықты болады».
Бесіншіден, қазақтың әрбір үйінде ырыс пен береке, қуаныш пен шаттық, молшылық пен бақыт болғанын қалаймын.
Сәдібек Түгел
«Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік қозғалысының тең төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы.
«Отау түскен» ауылы
Пікір қалдыру