Президент Парламент сайлауы туралы кеңес өткізді

/uploads/thumbnail/20170708211417441_small.jpg

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Сенаты мен Мәжілісінің төрағалары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қабиболла Жақыпов, премьер-министр Кәрім Мәсімов, Президент Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматуллинмен кеңес өткізді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Мемлекет басшысы  Мәжіліс депутаттарының парламент сайлауын өткізу туралы бастамасының сарапшылар қоғамында және БАҚ-та кеңінен талқыланып жатқанын айтты.

Сондай-ақ, Н. Назарбаев Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Роговпен де кездесті.

Кездесу барысында кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу мәселесі талқыланды.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Парламенттің қос палатасының төрағаларымен және Премьер-Министрмен консультация өткізгенін айтты.   

И.Рогов Конституцияның 63-бабының 1-тармағына сәйкес, Парламентті немесе Парламент Мәжілісін Қазақстан Президенті Парламент палаталарының төрағаларымен және Премьер-Министрмен консультациядан кейін тарата алатынын айтты. Сонымен бірге, Конституциялық кеңес төрағасы кезектен тыс сайлау Парламент немесе Парламент Мәжілісі өкілеттігін мерзімінен бұрын доғарған күннен кейін екі ай ішінде өткізілетініне назар аударды.

И.Рогов Мәжіліске кезектен тыс сайлауды алдағы барлық деңгейдегі мәслихат сайлауымен бір мезгілде өткізу Конституция нормаларына толық сай келетінін атап өтті. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар