2016 жылы жүргізушілерге салынатын айыппұл көлемі

/uploads/thumbnail/20170708211415566_small.jpg

2016 жылы мәжілісте мақұлданып, Президенттің қол қоюын күтіп тұрған Жол жүру ережесіне қатысты бірталай өзгертулер бар, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы «Қазақстан-Заман» газетіне сілтеме жасап.

Күшіне енуі мүмкін маңызды өзгертулерге келсек, олар мынадай: біріншісі — жаңа жылдан бастап автожолаушылар көліктен полицейдің рұқсатынсыз шыға алады.

Екіншісі — қазақстандық сақтандыру компанияларына жол апаты болған жағдайда жол қызметіне талаптарды қою құқығын беруі мүмкін.

Үшіншісі — кей айыппұлдар қатая түседі деп күтілуде. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мас күйде көлік басқарса, жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.

Өзгертілмеген заңға сәйкес, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға тек айыппұл салу қарастырылған. Оперативті қызмет көліктеріне жол бермегендер көбірек айыппұл төлейтін болады.

Төртіншісі — егер жүргізуші дабылдатып келе жатқан жедел немесе арнайы қызмет көлігіне жол бермеген болса, бұрынғыдай 7 емес, 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Егер дабылмен келе жатқан арнайы белгілері бар көлікті өткізбесе, 30 АЕК көлемінде айыппұл төлейді (бүгінде 10 АЕК). Жыл ішінде ережені қайта бұзатын болса, айыппұл 15 АЕК-тен 50 АЕК-ке дейін өседі.

Бесіншісі — алкогольге немесе есірткіге медициналық куәландырудан бас тартқандардың жазасы қатайтылады. Мәжілісмендер мұндай жағдайда жүргізушіні 2 жылға емес, 3 жылға көлік айдау құқығынан айыруды ұсынуда.

Алтыншысы — тұрақ ережесін бұзуға қарастырылған айыппұл азайтылады. Мәжілісмендер тұрақ ережесін бұзғандарға 10 АЕК емес, 3 АЕК көлемінде айыппұл салған жеткілікті деп санайды. Ал мүгедектерге арналған тұраққа көлігін қойғандар 50 АЕК орнына 5 АЕК төлеу мәселесі қарастырылуда.

Жетіншісі — «әдемі» мемлекеттік нөмірлер тізімін кеңейтпек. Енді ООО, ZZZ сияқты нөмірлер және 717, 838 сияқты айналы нөмірлер сатылады. Айналы нөмір құны 150 мың теңге, ал әдемі әріптермен болса, 300 мың теңге болады деп күтілуде.

Сегізіншісі — көлікті үш өлшемді аэрографиямен безендіруге тыйым салу.

Тоғызыншысы — бірнеше рет жол апатына түскендерге сақтандыру құны қымбаттатылуы мүмкін. Бұл ұсынысты Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы жасаған.

Оныншысы — кішігірім жол апатына құжаттарды жол полициясы инспекторларынсыз рәсімдеу мүмкіндігі. Еуропротокол деп аталатын бұл әдісте жүргізушілер оқыс жағдайды өздері куәландырып, жолда кедергі болудан тезірек құтылуға мүмкіндік алады. Рәсімделген құжатпен зардап шегуші тарап сақтандырушыдан төлем талап ете алады деп күтілуде.

Он біріншісі — электроқозғалтқыштары бар велосипедтерді заңдастыру.

Он екіншісі — 1 жылдан 3 жылға жылға дейінгі мерзімдегі шетел көліктерін әкелу үшін 50 АЕК, яғни 99 мың теңге мөлшерінде төлем жасауы тиіс болады. Ал көлік мерзімі 3 жылдан асқан болса, салық мөлшері 500 АЕК, яғни 991 мың теңге болмақ. Бүгінде Қазақстанда 4 млн. 400 мың көлік тіркелген, олардың жартысына 18 жыл толған.

Ең соңында бекітілген нормаға тоқталсақ. Қазақстанның Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі 2015 жылғы 4 қарашадағы №853 бұйрығымен көлік басқаруға тыйым салатын медициналық қарсы көрсетімдер тізімін бекітті.

Сондай-ақ, назарларыңызға 2016 жылғы жаңа айлық есептік көрсеткішпен есептеглген айыппұлдар тізбесін ұсынамыз.

 

 

 

    

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар