Алматы жұртшылығы Дулат Исабековті ақтық сапарға шығарып салды

/uploads/thumbnail/20250223180529674_big.webp

Бүгін Алматыдағы Жазушылар одағы басқармасының Әдебиетшілер үйінде жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. 

Алдымен Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов сөз сөйлеп, рәсімді ашып берді.  

Жиында 

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту хатын оқыды.

«Дулат Исабекұлы ұлағатты ғұмырын ұлт әдебиетіне арнаған, тағылымды туындыларымен оқырман санасына шамшырақ бола білген нағыз дегдар тұлға еді. Халқымыздың рухани әлемін байытуда, ұлттық прозамыздың көкжиегін кеңейтуде аянбай тер төгіп, өнегелі өмір сүрді. Қуатты қаламынан туған сүбелі шығармалары, драмалық еңбектері әлем сахналарын бағындырып, дүние жүзіне киелі сөз өнерімізді дәріптеді. Соңына әдеби мол мұра қалдырған Дулат Исабекұлының жарқын бейнесі мен ардақты есімі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын!» – делінген көңіл айту хатында.

Одан бөлек, Премьер-Министр Олжас Бектеновтің, Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың, Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың, Шымкент, Қызылорда, Тараз, ШҚО, БҚО өңірлерінің облыс әкімдерінің көңіл айту хаттары оқылды.

Марқұмның жақын достары, белгілі қаламгерлер Бексұлтан Нұржекеев, Төлен Әбдіктер мен Нұрлан Оразалин, Асанәлі Әшімовтер жазушының шығармашылығы мен өмірі жайлы жан тебірентер естеліктерімен бөлісті.

Қазақ әдебиетінің қара нары, жазушы Дулат Исабековпен қоштасуға келген халықтың қарасы да көп болды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар