Тағы бір өңірге әлеуметтік төлем беріледі

/uploads/thumbnail/20250224113701628_big.webp

   Халықаралық әйелдер күні қарсаңында көпбалалы аналар мен отбасыларға, оның ішінде аз қамтылғандарға біржолғы әлеуметтік төлем төленеді.

   Әлеуметтік көмек мөлшері 2,5 айлық есептік көрсеткішті (АЕК), яғни – 9 830 теңге. Бұл төлемді шамамен 36 мың азаматша алады деп жоспарлануда. Төлемдер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Әлеуметтік төлемдер орталығының тізімдері негізінде жүргізіледі. Оған Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын көпбалалы отбасылар мен аналар, соның ішінде аз қамтылған аналар кіреді.

  Айта кету керек, бұл көмек Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII шешімімен бекітілген "Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына" сәйкес жүзеге асырылуда.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар