Халықаралық сұлулық байқауында уфалық қыз Қазақстанның намысын қорғауда (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708211458020_small.jpg

Қытайда өтіп жатқан «Әлем университеті ханшайымы» халықаралық сұлулық байқауындағы жанжалға уфалық бойжеткеннің әрекеті себеп болған. Онда Уфа қаласының студенті Ресейдің орнына Қазақстанның намысын қорғауда, - деп хабарлайды Башқұрт спутниктік телеарнасы.

Бұл жаңалық уфалық студентке жанкүйер болғандардың барлығын есеңгіретті. Модельдік агенттіктер болып жатқан оқиғаға байланысты өз нұсқаларын жарыса жазуда. Ал Башқұртстанның Студенттік ханшайымы болса, Ғаламторға кезекті суреттерін салып жатыр.

Қытайға сапар алдындағы фотосессия. Жүз адамның ішінен таңдалған бойжеткендердің арасындағы Настя Яковлева мен Ева Чашинская Қытайда Башқұртстанның атынан өнер көрсетуі тиіс еді. «Әлем Университеті ханшайымы» - фэшн-индустриядағы ең беделді аталымдардың бірі. Биыл ол 27-ші рет өткізіліп жатыр.  Ақтық кезеңге үздік аталған 70 бойжеткен жолдама алды. Олардың әрқайсысы аймақтық кезеңдерде жеңіске жеткен. 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар