«Ру шежіресін білу – сахара төсінде көшіп-қонған қазақтар үшін өмірлік қажеттілік. Қазақ халқының ру-тайпалық, жүздік-қауымдастық біртұтас бітімі ғасырлар бойы «бүкіл қазақ – бір атаның ұрпағы, бір тамырдың бұтағы» деген ұстаным бойынша өсіп-өркендеп отырған». Қазақстан Республикасының Президенті Назарбай Нұрсұлтан Әбішұлы.
«Атасы алыс болғанмен
Жамиғи қазақ бір туған» (Базар жырау. (1842-1911).
Қазіргі «білгіштер» аузын ашса болды руды жамандап шыға келеді. Руды ауызға алуды, руға бөлінушілік деп, қазақтың рулық шежіресін білетіндерді ел арасына жік салады деп күстаналайды. Руды аузына алған адамды ашықтан-ашық қаралап «халық жауы» деп атайды. Мысалы, менің «Абай КЗ» саитіндегі «Парсы тарихы өз бастауын Маңғыстаудан алады» деген мақалама пікір жазған Бекжан деген азамат «рушыл Қожырбайтегін қолдап отырған Абай.кз сайты басшылары да ҚАЗАҚТЫҢ ЖАУЛАРЫ» деп жазыпты (#98 Бекжан дн, 11/01/2016 - 13:35).
Осы мақаламды Сіздерге, яғни «Ру» деген сөзді жау көретіндерге жауап ретінде жолдап отырмын. Менің мақсатым өз қандас-бауырларымның арасынан жау іздеу емес, керісінше барлық қандастардың басын қосу. Ұлы аталарымыз да осылай жасаған. Қазақ халқы сан мыңдаған жылдардан бері осы рулық жүйені сақтағандықтан ғана бүгінгі күнге жетіп отыр. Ру елді бөлмейді. Керісінше біріктіреді. Себебі, қазақ елінің өзі бірінің ішінен бірі шыққан рулардан (аталардан) тұрады.
Дәлел ме? Тыңдап көріңіз?
«Қосайдан - Әйтей, Бегей, Байбол, Тіней, Бәли, Сүйіндік (Жаман Адай). Олар өскен ауыл. Адай шежіресінде Алты Қосай болып аталады. Қосайлар сегіз арыс адайдың үлкен бір тобын құрайды» («Манқыстау энциклопедиясы» Алматы, 1997. 198-199 беттер).
«Адай тайпасының ең көп тараған және көп шашылған іргелі аталардың бірі - Қосай. Адайлар оны ең ұлы әулие атамыз деп айрықша қадір тұтады. Торқалы той, топырақты өлім де төр - Қосай ұрпағында, бата беретін де солар. "Қосай шапаны" ісі Адайға міндетті бас кәде. "Жолым болсын десең - Қосайдан жолдасың болсын" деген мәтел де мәлім. Қысқасы, Қосай-ерекше қадірлі Әз әулие.
...Байқап отырсақ, төрт тарапқа шашылған «ад» қауымының арасында жан саны мол, іргелі Қосай тайпасы болғанын аңғарамыз. Оның алғашқы өкілдерінің бірі б.д.д. X ғасырда Дәуіт патша төңірегінен көрінсе, Мұхамбет пайғамбар дүниеге келмес бұрын 200 жыл шамасында арабтарда Қосай руы болғанын, пайғамбардың бесінші атасы Зейд Қосай әулетінен әйел алып, солардың шаңырағы астын паналағандықтан, Қосай атанған.
...Қосай қазақ эпосынан ойып орын алған ең тұлғалы қаһармандардың бірі. Ол-"Ер Көкше", "Ер Көкше ұлы Ер Қосай» және Мұрын жырау "Қырымның қырық батыры" желісіне қосып жырлаған "Ер Қосай жырының бас кейіпкері".
...Қазіргі Атбасы мен Нарын жоталарының аралығында "Қосайдың қаратауы", "Қосай қорғаны" Талас өзенінің басын "Үш Қосай", Алатау да «Қосай тау» аталатын тау да бар екен» (Анес Сарай «Көнеліктер»).
Әлем тарихына үңілсек біздің жыл санауымыздың V ғасырының ортасында Меккені иемденіп, Хиджаз өңірінің көптеген аймағын басып алған Құрайыштардың әйгілі қолбасшысы болған - Қосай атаға тап боламыз. Қосай өз заманында аса ықпалды, әрі бай адам болған, бар-жоғы бір тайпалық ру басының көсемі-шеихы болғанмен, құрайыштар оны басына көтеріп «Сұлтан» деп мадақтаған. Бізге жеткен көне әңгімелерде Мекке өңіріндегі болған басты оқиғалардың бәрін Қосай есімімен байланыстыра шежірелейді.
Қосай ата Мұхаммед пайғамбардың төртінші атасы болып келеді, яғни пайғамбар дүниеге келерден 200 жылдай бұрын өмір сүрген. Мұхаммед дүниеге келген тұста, Қосайдың бес баласынан тараған еркек кіндіктердің саны 200-250 ге жеткен. Бұл тұста Мекке шаһары Қосай тұқымының ашса алақанында, жұмса жұдырығында болды. Жоғарыда көрсеткенімдей, ол ұрпақтар бұл кезде өсіп-өніп, топ-топ болып ұл өрбіткен үрім-бұтағы толысқан ортаға айналды. Атақты қағбаның кілті де солардың қолында болды-суық қол, ұры-қарыдан қағбаны қорғау үшін, оған құлып салуға мәжбүр болғанда солар. Қағба айналасындағы құдықтарды қадағалау, сот істерін жүргізу және кесім айту, тайпалар арасындағы дауды шешу, құрайыштар жауға аттанғанда көтеріп шығатын киелі туды сақтау, жоқ-жітіктер үшін салық жинау, ақсақалдар мәжілісіне қатысу, жиналысқа шақыру, қоғамдық қаржыны басқару, балгерлік жебелерге бас-көз болу, міне, осы сияқты, Меккедегі барлық қызмет бабына басшылық ету Қосай ұрпақтарының құзырында болды.
Сол үрдісті күні бүгінгі Адай елінің құрамындағы Қосай ата ұрпақтары тап сондай дәрежеде жалғастырып келеді десек артық айтқандық болмайды. Олар Адайда аға баласы ретінде үлкен құрметке ие. Алыс сапарға шығарда, халық мүддесі үшін келелі іс бастарда, жауға аттанарда Қосай ата ұрпағынан бата алу, қасындағы сапарлас серігің Қосай ата ұрпағы болса жолың болады деген ұғымда осы Қосайлар сол Қосайдың бүгінгі ұрпақтары дегенге саяды десек, шындықтан алыс кетпейміз. Оған дәлел керек болса, оны да айта кетейік. Мысалы, Қосай есімінің күні бүгінге жалғасып, қайталанып отыруы. Қазақтан, немесе қазаққа туталас елдерден басқалары балаларының есімін Қосай деп қоймайды. Менің бұлай деп ой түйіндеуіме түрткі болған басты себеп, біздің (Адайдың) түп қазығымыз, құранда көрсетілгендей, ең алғашқы мәдениетті дүниеге әкелген Ад елінің ұрпағы екендігіміз болып табылады. Сонда қазіргі мұсылман діні біздің ата-бабаларымыздың арасында дүниеге келген болып шықпай ма?! Бұл жөнінде Шыңғысхан бабамыздың Жошыдан тарайтын тікелей ұрпағы Әбілғазы атамыз өз қолымен жазған «Түрік шежіресі» атты кітабында «Түрік халқы Иафестен Алынша хан заманына шейін мұсылман еді» деп жазыпты (16 бет).
Ал, Қарақалпақ еліндегі Бесоба жерінде жерленген жақында ғана 500 жылдығына арнап ұрпақтары ас берген, Қосай атамызға келсек, бұл атамыз сол бұрынғы Қосай атамыздың ұрпағы, тектіден туған текті деп есептеуіміз керек. Тектіден текті тууы бұл күнде бүкіл әлемде де, ғылымда да мойындалған шындық.
Тарихта Түрік қағанаты кезінде жасаған тағы бір Қосай бар. Ол сол заманда Алтай мен Жетісу аралығында өмір сүрген Нушуби тайпасының көсемі-бар өмірін Бесбалық (Бейжін, қазіргі Пекин) қаласын қорғау ісіне арнаған. Орхон-Енисей жазбасында «Қосай 720 жылы Бесбалықты жау әскерінен босатқан» деп жазылған.
Жалпы Қосай тайпасы ежелгі адтардың құрамында ежелден бірге жасасып келеді, тіпті б.д.д. IV ғасырда Гималай тауының бір шатқалында пұтқа табынатын Будда дінін дүниеге әкелген. Осы Қосайда соңғы Қосайлардың түп атасы болып табылады. Оның жазбаша тарихи айғақтамасын Әбілғазының «Түрік шежіресінен» табамыз: «Күйік хан ата тағына отырып, бірнеше жылдар әділ патшалық құрып, алтыншы ұлы Алыншаны өз орнына отырғызып, халық баратын жерге кетті.
Алынша хан көп жылдар патшалық қылды. Нұх пайғамбар заманынан Алынша ханға шейін барша Иафес әулеті мұсылман еді. Алынша хан заманында жұрт байып дәулеті тасыды. «Ит семірсе иесін қабар» деген өзбек (қазақ) мақалы бар еді. Әр кісі өзінің ең қимас адамы не ұлы, не қызы, болмаса аға-інісі өлсе, соған ұқсатып, қуыршақ жасатып қоятын болды. «Бұл-пәленшенің суреті» деп оны сүйер еді, ас келгенде оның алдына ас қойып, оның жүзін өбіп, көзін сүртер еді, оған бас ұрар еді. Бұндай әдет қайталана-қайталана пұтқа табынуға әкелді» дейді (13 бет). Тағы бір деректе: «Тұрпанның безекілік сағасындағы будда дінінің үңгір (мың үй) ғибадатханасының қабырғасына және төбесіне сызылған өрнектерде қазіргі қазақ сырмақтарына салынатын мүйіз оюлардың үлгісі кездеседі. Бұл ою-өрнектердің тым ертеден келе жатқандығынан дерек береді» («Қазақтың көне тарихы». Алматы. 1993. 364 бет).
Қосай қазақ, қырғыз жырларының басты қаһарманы. Олардың қатарына Орта жүздің Уақ топтамасына енген «Ер Қосай», Қырғыздың «Манасы» жатады. Негізі осы Қосайлардың барлығының тегі бір. Манас энциклопедиясы, Қосайдың ата қоныс Атбасы өңірі, осы Атбасы мен Нарын жоталарының арасында «Қосай қорғаны» атты қамал барын жазады. Жапон жерінде Камамацу қаласына жақын жерде Қосай, Тәңір атты микротопоним мен елді мекен бар. Енді Қосай деген сөздің тікелей өз мағынасына келсек, осы сөздің түбіріндегі қос сөзі қосақталу немесе екеу болып бірігу деген сөз. Мұндағы «Ай» жалғауы да көпше мағынада. Сонда Қос ай дегеніміз Адайдың Құдайкеден тарайтын екі немересінің (Тәзіке мен Қосайдың), яғни екі (қос) айдың, яғни екі буын ұрпақтың бір атаның баласы екендігін айшықтау болып шығады. Бұл тұжырым қазақтың шежіре дерегімен де сәйкес келеді.
Қосай ата есімі – ер мен әйел дегенді де білдіреді. Оған «қос» пен «жұптың» синоним екені куә. Қазақтың жаңадан отбасы құрғандарды «Жас жұбайлар» дейтініміз осы. Себебі, Ай сөзі ана, әйел, ару деген мағынада да қолданылады. Мысалы, Айсұлу (Айдай ару), Айару, Айман (Ай Манның қызы) Айнұр, Айгүл, Айжан, т.т. болып кете береді. Демек, Ай - әйел, ана образын жасап тұр. Бұл тұжырымның айдай айғағы, Аспандағы айдың «ай» деп аталуы. Аспандағы Ай жердің серігі болса, адамдарда әйел ердің серігі. Екеуі қатар өріліп тұр.
Оның топономикалық айғақтамасы, бүгінгі қазақ жеріндегі Қостанай облысы атауы болып табылады. Демек, бұл жер Адам атаның екі ұрпағының бірігіп қос тіккен жері. Себебі, осы сөз қос тігу, қостану, қонысқа қону, қосақталу, жұп болу (жұбай сөзінің төркіні осы) ұғымдары шығып тұр. Осы облыстың орталығы Қостанай қаласының қақ ортасын жарып Тобыл (Тобыш) өзені ағып жатыр. Осы Тобылдың жағасында Адай атты жер мен елді мекен күні бүгінде де бар.
Түсініктеме: Қаз Адайдың шежіре дерегі бойынша Қосай Адай атаның екінші немересі, яғни үшінші буын ұрпағы болса, Тобыш жетінші немересі, сонымен қатар тоғызыншы буын ұрпағы болып табылады.
Қосай – біріккен сөздерден тұратын таза қазақ сөзі. Сөз түбірі Ос (Ош) болса, Қос – екі, немесе егіз (жұп) + Ай деген сөздерден жасалған Үш санының атауын береді.
Бұл тұжырым Қаз Адайдың шежіре дерегімен де, қазақтың тарихи дерегімен де, қазақтың сандық жүйесімен де толықтай сәйкес келеді.
Бірінші буын (бір саны), Адай атаның екі ұлы Құдайке мен Келімберді.
Екінші буын, Құдайкенің үлкен ұлы Тәзіке (Әз әке, Әз әулие). Толық мағынасы: Т- толып толысу; Әзіміз – Әз (Аз); «І» - баласы, ұрпағы; соңғы «Ке» жалғауы – әке деген мағына береді. Бұл екі буын, қазақ та «Аққу менен Қаз, Адай менен Таз егіз», - тұжырымдалған. Балама атауы Аз елі (көп емес, аз халық). Екі саны Қазақтардың сандық атауы.
Үшінші буын, біз әңгімелеп отырған Құдайкенің екі ұлының кішісі Қосайдың қауымы. Олардан Қосай атаның ұрпағы Нұқ пайғамбар, оның отбасы және мұсылмандықты мойындаған аз ғана ел топан суда кемеге мініп аман қалған. Үш саны Қосайлардың сандық аты.
Төртінші буын, (төрт саны), Келімбердінің үлкен ұлы Құнанорыс.
Бесінші буын, Келімбердінің екінші ұлы Ақпандар. Екі мен Бес саны Қазақ пен оның ұрпағы Ақпанның (Ақ Ман ұлдарының), яғни Ақиқаттың атасының сандық атауы. Бұл қағида күні бүгінде де бүкіл әлем елдерінің қолданыстарында бар. Бір - өте жаман, екі - жаман, үш - қанағаттанарлық, төрт - жақсы, бес - өте жақсы деп баға беретіндеріміздің негізі осы. Өздеріңіз көріп отырғандай «өте жақсы» деген баға Қазаққа, яғни Ақиқаттың атасына беріліп отыр.
Алтыншы буын - алты саны балықшылардың сандық атауы. Он сегіз мың ғалам дегендегі, ғаламның сөз түбірі (өз түбі) «Ал» болатыны да осыдан. Бүгінгі ғалымдарымыз құпиясын аша алмай жүрген бүткіл жер бетін торлай салынған алып пиамидиларды да салған солар. Оған дәлел ретінде айтарым, сол пирамидалар шоғырларының арасы артық та емес, кем де емес тура 6666 км болуы. Демек, ол замандарда бүкіл әлем елдері бір ғана билеуші қағанға (хандардың ағасына) бағынған болып тұр. Бізге адамзаттың тегі бір екенін осылай жазып қалдырған болып тұр.
Жетінші буын – жеті санын иемденген Жеменейлер, яғни Бұзаудың екі баласының кішісі. Бұлар Семиттердің ағасы.
Сегізінші буын – Семит, арап пен еврейлердің атасы. Сегіз семиттердің сандық атауы. Өздеріңіз көріп отырғандай сегіздің түбірі егіз. Бұл жерде «сегіз кіммен егіз?», деген сұрақ өз-өзінен туындап тұр. Сегіз (Семит) әрине жетімен (Жеменеймен) егіз. Мына көрші орыс халқының жетіні (семь), сегізді (во-семь), яғни сегіз жетінің (Семит Жеменейлердің) ішінен шықты дейтіндерінің сыры осы.
Тоғызыншы буын, тоғыз саны атауын иемденген Тобыштар. Бүкіл әлемге билігін жүргізген Оғыз (Өгіз) қаған, Бүкіл Азия мен Европаға түгелдей билігін жүргізген Еділ (Аттила) патша осы тоғыншы буынның, яғни Тобыштардың ұрпағы. Тоғыздың сөз түбірі Оғыз болатыны осыдан.
Оныншы буын (он саны)– бүкіл әлем елдерімен Монғол, Моғол атанған Мұңалдар. Мұңалдың сөз түбірі Ұң (ұңғы), яғни өзек. Бұл сонау Адам атадан бастау алған ұрпақ Өзек (ос) арқылы, ешқайда бұрылмай тікелей келіп Мұңалдардан шықты деген сөз. Олардың «Мұңал ошақ» деп аталатынының да сыры осы. Адай атасының жаққан отын сөндірмей бүгінгі күнге жеткізді деген сөз. «Ошағыңның оты сөнбегей!» деген бата-тілектің де сыры осы. Мұңалдың тағы бір түбірі «мұң», яғни уайым, қайғы болатыны осы. Жан-жаққа ыдырап, бірімен бірі жауласып кеткен елдердің басын қосып, мөріне (таңбасына) «Аспанда Құдай, жерде Қаған, әлем иесінің таңба мөрі» деп жаздырған, әлемге әйгілі, соңғы екі мың жылдықтың ең ұлы қолбасшысы Шыңғыс қағанның руы Мұңалдың Қиян - Қияты болатын. Мұңалдардың монғол атанып жүргендерінің сыры осы. Он саны Мұңалдардың сандық атауы.
Қосай мен қоңыраттардың тегі бір. Өздеріңіз көріп отырғандай, Қосайдың түбірі «Ос» болса, қоңыраттың түбірі «Он (оң)» болып тұр. Екеуінің «Ко» деген бір түбірден (бір атадан) басталатыны да осыдан. Украиндықтардың өз тектеріне «Ко» деген түбір жалғап, қазіргі біз қолданып жүрген «ов» пен «евтердің» орнына қолданатындары да осыдан. Мұңалдардың да, сол Мұңалдан шыққан қазақтың ұлы қағаны Шыңғыс ханның да (арғы аталары да, өзі де, ұрпақтары да) үнемі Қоңыратпен құда болысатындарының да сыры осы. Олар Қосайдан (қоңыраттан) жолдасың болса жолың болады деген қағиданы бекем ұстанған болып тұр.
Бүкіл дүние жүзі елдерінде сандық жүйені қолданбайтын бірде-бір ел жоқ. Бірақ солардың бірде-бірі осы қағиданы зерделей алмайтыны және бұл ұғымның қалай дүниеге келгенін білмейтіндері айдан анық. Бұл деректер Адам Ата шежіресінің тек қана қарашаңырақта және сонымен бірге Атам қазақтың Ана тілі аясында ғана сақтала алатынының айдай айғағы болмақ.
Осы Қосай атамыздың атында Манқыстаудың Кендірлі аймағында Коса аралы (қасында Ада атты арал бар); өзге өңірлерін де Қосаммола қорымы, Қосауыл құдығы, Қосащы (Косаджи) атты 3 алқап, 5 құдық, Қосайбұлақ (Қосбұлақ) деп аталатын бес бұлақ, Қосай құдық (Қосқұдық) атты 10 жер мен құдық бар. Серікбол Қондыбайдың «Маңғыстаудың жер-cу атаулары» атты еңбегінде Қосай Ата ұрпақтарының атындағы 56 микротопоним көрсетілген (188-193 беттер).
Қазақ елінде Қостанай атты облыс пен қала, Қырғызстанда да Ош атты облыс пен қала, Қырымда Сочи, Түркияның негізін қалаған Осман империясы, Грузияда Осетия елі т.т. бар.
Осылайша, қазіргі қазақ шежіресіндегі, Байұлының кенжесі, яғни Байұлының да, сонымен қатар бүкіл қазақтың да қарашаңырағының иесі Қаз Адайдың Құдайкесінің, ескіше айтқанда «Ад гу» - дің (ұлы Адтар) екі баласы Тәзіке мен Қосай жайлы қолдағы бар тарихи деректер, олардың сонау ескі замандағы, бұдан бірнеше мыңдаған жылдар бұрынғы құранда айтылған Адтықтардың ұрпағы екендігін көрсетеді.
Тарихи деректердің барлығы Қазақ хандығы Шу өзенінің бойында бұған дейін «мың өліп, мың тіріліп» келіп қайта құрылғанын айғақтайды. Осы Шу өзенінің атына қатысты Адайдың үлкен ұлы Құдайке көшінің жазғытұрым мұз үстінде суға кетуі жайлы аңыз сақталған.
«Б.д.д. Х ғасырда еврейдің Дәуіт пайғамбарының діни ордасының күзетінде Қосай, Балық әулетінің адамдары болған. Еврейдің «Тәуретінен» адай қауымының есімін жиі кездестіруге болады. Қосай діндар және оның ұлы Зәкәрия туралы тұтас тараулар жазылған. Кейін бұл әулет Арабияға ауысып, Меккенің кілтін қолына ұстаған. Мұхаммед Ғ.С-нің бесінші атасы осы Қосай әулетінің қызын алғандықтан Қосай атанған. Осы қауымның бір тармағы жарты шар айналып Гималай тауларынан шығып, үндінің «Махабхарата» дастанында ауызға іліккен. Осы қауымның арасынан будда дінінің негізін қалаушы Гаутама Шакиямуни шыққан. Жазбаларында қазақ топырағынан кеткен» (Әнес Сарай «Көнеліктер»).
Бұл деректегі Әнес ағамыздың Мұхаммед пайғамбардың бесінші атасы Қосай деген қайын атасының есімін иемденіпті дегені көңілге қонымсыз. Бүкіл әлем тарихында Ебрейден басқа ұлт қыздан тарамайды және қайын атасының есімін иемденбейді. Бұндай жағдай, бүкіл әлем елдері өз тегін «судай сапырып», тегін білмегендерді «тегін білмеген тексіз» деп жазғыратын заман түгілі, «гендерлік саясат» әлемнің қақ төрінде сайран салған қазіргі заманда да қолданылмайды. Тарихи оқиғаға баға берерде, оған сол заманның көзімен қарау керек. Ол үшін Ұлы Аталарымыздың рулық шежіресін және олардың Ата салтын зерделей білуіміз шарт. Сондықтан, пайғамбарымыздың ата-тегі жайлы төмендегі деректі ұсынамын:
«Тарихи деректерге сүйеніп, Мұхаммедтің ата-тегін шежірелесек, оны былай таратамыз: Мұхаммед – Абдолла - Әбді Әл Мүтәліп (Шейба) – Хашим (Омар Бану) - Әбдіманап – Қосай Қалаб – Мера – Қааб – Луй-Ғалиб – Таһир - Мәлік – Нызар – Мағит – Аднан. ...Барлық тарихи жазбалар, ауызша аңыз-әңгімелер Мұхаммедті ешбір кідіріссіз Ибрагим (Ыбырайым) пайғамбардың нәсілдеріне, оның ұлы Исмаилдың ұрпақтарына әкеп тірейді». (Аманбай Құнтөлеуұлы «Мұхаммед Пайғамбар» Алматы. 2003. 15, 72 беттер). Өздеріңіз көріп отырғандай пайғамбарымыздың түп атасы Аднан (Ад Ман) атасы Әл (Ал, Алаш, Алшын) деп көрсетілген. Ал есімі Қосай әулетімен атымен қатар аталатын, Балық әулетін Балықшы деп түсінсек қателеспейміз. Себебі, екеуі де Адай атаның немерелері болып табылады. Олар күні бүгінде де Маңғыстауда жұптарын жазбай бірге жүр.
- Үш, отыз, үш жүз, үш мың, с.с. алдында үш саны бар барлық сандар Қосай атамыздың сандық атауы. Мына көрші орыстар бір, екі, үш дегенді, раз (сөз түбірі Аз, Қаз, Қазақ), два (дева, қыз), три (тірі, топан судан тірі қалғандар деп дәлдеп атайды).
- Қосу, алу, бөлу, көбейту атты төрт амалдың ішіндегі «қосуының» авторы да осы Қосайлар. Оның дәлелі қайда? деген сұраққа айтарым, оның жауабын осы сөздің мағынасы мен бірге Ос деген сөз түбірінен табамыз. Қосу амалы Қосайлардың лақап аты. Бастауын бір ер адам мен бір әйел адамның бір-біріне қосақталып «жұбай» деп аталып, осыған балама ретінде бірге-бірді қосқанда «екі» деген қазақтың лақап аты шығатыны осы.
- Ең алғашқы от жаққандар Ад қауымы (қарашаңырағында Адайлар отыр). Маңғыстаудың қара ойының қақ төріндегі Қаратаудың ең биік шыңының Отпан (От ман, От адам) деп аталатыны және ішіне от жағу үшін жасалған қондырғыны «ошақ», «мосы» деп атайтынымыз осыдан. Бәрінің сөз түбірлерінің бірдей болатыны осы. Яғни Оттың (Одтың) авторы Одой (Адай) болса, мосы мен ошақтың авторы Адайдың үшінші буын ұрпағы Қосай болып тұр. Мына көрші орыстардың барлық деректерінде Адайларды Одой, Одоют, Уодой деп хаттаған. Бүгінгі Отан деген ұғымымыздың толық мағынасы осы Отпан.
- Босаға (үйдің босағасы), Қос аға (үйдің ағасы), Қош келдіңіздер! Қош көрдік! деген ұғымдардың да, сонымен қатар «Босаға» таңбаның да авторы осы Қосайлар. Бұл осы таңбаны иемденген рулардың бәрінің атасы Қосай деген сөз. Біз білетіндерден (білмейтіндерімізде болуы мүмкін) бұл күнде «Босаға» таңбаны иемденгендер Қоңыраттар, Маңғытай, Қаракесек және Саңғылы болып табылады.
- Шындықтан ешкім ешқайда қашып құтыла алмайды. Мына батыс елдерінің кез-келген заттың өзегін «ос» дейтіндері де осы Қосай атамыздың аты.
- Қасыңда жаның сүйген жарың немесе сен үшін жанын қиюға бар досың болса мына жарық дүниеде жолыңның болатыны да, Дос деген сөздің түбірінің Ос болатыны да осы. Осы келтірілген ұғымдардың, сонымен қатар сөз түбірінде «Ос» деген сөз бар барлық атаулардың бәрінің де «авторы» Қосайлар.
- Көкше батырдың баласы Ер Қосай туралы жырдың бірнеше нұсқасы бар. Жыр тарихта болған оқиғаларды қамтиды. Жырдың барлығының мазмұны ұқсас, негізгі тақырыбы – Отан қорғау, идеясы – ел бірлігін сақтау. Қырғыздың «Манас» эпосында Көкше есімі кездеседі. Бұл «Ер Қосай» жырының халыққа ертеден белгілі екенін, бәрінің бір атадан тарайтынын, соған сәйкес әлем елдерінің де бір-бірімен достық қарым-қатынаста болғанын дәлелдейді. Мұрын жырау жырлаған «Көкше батырдың ұлы Ер Қосай» жырының кейіпкерлерінің есімдері «Ер Қосай» жырына ұқсас болғанмен, баяндалатын оқиға мүлде бөлек. «Ер Қосай» дастанының әр жылдары жиналған 7–8 нұсқасы Алматы қаласындағы Орталық ғылым кітапхананың Қолжазбалар қорында сақтаулы.
- Алтайлық «Ма Адай Қара» дастанының басты кейіпкері Ман Адай Қараның ұлы Көгедей батыр мен қазақтың Көкше батыры бір бейне. Қазақтың әкелерін «Көке» дейтіндері солардан қалған болып тұр. Көк аспанымыз бен Көк туымыздың да негізі осы атамыз болып тұр.
- Қосай руын қазақтың негізін қалаған барлық рулардың ішінде бар десе де болады. Мысалы:
Қосай руы - Ұлы Жүз (Ақарыс) - Жалайырдың ішінде бар.
Абақ Керейлердің Жастабаннан тарайтын бір тармағы Қосай деп аталады.
Найман (Орта жүздің) рулық шежіресінде де Ергенекті Уақтан тарайтын Қосай руы бар.
Орта жүз Қыпшақтың да бір тармағы Қосай.
Алшынның Аға баласы Әлім - Кетенің де бір руы Қосай деп аталады.
Ұлы жүз — Ыстының құрамында да Қосай руы бар.
Қоңыраттың – Жетімдер – Сарысынан тарайтын Қосай руы бар.
Орта жүз (Жанарыс) Уақтардың көптеген ұрпақтары өздерін Ерқосайдан таратады. Уақ: Бетке · Ерқосай · Қалдыбатыр · Жантелі · Баймен · Тоқтамыс · Сарман · Ергенші болып таратылады.
Бұл тізімді әлі де ары қарай жалғасырып кете беруге болар еді. Оның бізге қажеті де жоқ. Себебі, Қосай есімді ру (ел) тек қана қазақтың емес, әлемнің барлық елдері, үлкен рулары мен тайпалар бірлестіктерінің бәрінің де құрамында бар. Демек, елді елге қосып, әр бір бөлек шыққан рулар мен елдерге оң батасын беріп отырғандар осы Қосай аға ұрпақтары. Қосайлар өзге қазақтарға Ата, бізде олар Аға деп құрметтеледі. Алыс сапарға шығарда, халық мүддесі үшін келелі іс бастарда, жауға аттанарда Қосай ата ұрпағынан бата алу, қасындағы сапарлас серігің Қосай ата ұрпағы болса жолың болады деген ұғым сол Нұқ пайғамбар заманынан бері жалғасып келеді. Ақиқатында да, тек қана Қосай Ата ұрпағы Нұқ пайғамбарға жолдас болғандардың ғана жолы болғанына қандай дау бар. Әрине, солай. Қасында ағасы жүрсе, інісі қор болушы ма еді. Қазақтың «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» деген мақалының авторы да осы Қосайлар. Қазақтың үйге кірер есігінің екі қапталын босаға дейтіндері де осыдан. Қосайлар жүрген жерде ел болып ұйысу, шынайы адами қасиет, ауызбірлік, бақ пен береке бар. Қазақтың алыс сапарға шықсаң «Қосайдан жолдасың болса, жолың болады», немесе келелі іс бастарда Қосай ата ұрпағынан бата алып бастайтындары осы. Осы деген сөздің түбірінің Ос болатыны да осы.
Осы ұлы қағиданы бүкіл әлемге бастап берген Ос (Ош), Қос, Қосай атты атамыз бен анамызға және сол ізді жалғастырып келе жатқан бүгінгі ұрпақтары Қосайларға бүкіл әлем қарыздар.
Үш саны (қос, егіз, жұп+ай) Қосай атамыздың сандық атауы, ол қазақта киелі де, қасиетті саналады. Басын ашып кетейін, киелі саналатын үш санының сандық атауы емес, Қосай атамыздың өзі. Қазақтың киелі сандарының бәрінің мағынасы осындай. Бұл күмәнға да, дауға да жатпайды. Адам баласы дүниеге келеді, өледі, өлгесін ұмыт болады. Тек екі адам ғана мәңгі өлмейді: біріншісі елін жақсылыққа жақындатқан адам, екіншісі елін сорлатқан адам.
«Сақ деп аталатын тайпалардың әрқасысының өз алдына ханы болған. Хандардың әмірі күшті еді, хан қаза болса, оның өлігін арбаға салып ел аралатқан» - дейді. («Қазақтың көне тарихы» Алматы 1993. 52-53 беттер). Тарихтан белгілісі «сақ» аталған халық (б.ж.с. дейінгі 7-4 ғасырларда) қазіргі Арал, Сырдария, Қаратау, Алатау, Талас, Шу, Іле, Тарбағатай, Памир-Алтай, Балқаш, Каспий, Жем, Жайық, яғни қазіргі қазақ елі аймағында қоныстанған. Оларды «тигра хауда сақтары» (шошақ төбелі тымақ киетін сақтар) деп атаған. Қазақ халқы да күнгі кешеге дейін өздерін «шошақ төбелі қазақпыз» деп атаған.
Осы жерде олар өздерін неге Шошақ бөріктілер деп атады деген сұрақтың өз-өзінен туындап тұрғаны анық. Оны анықтау үшін тағы да ешқашан жаңылысып көрмеген сөз түбіріне жүгінеміз. Өздерің көріп отырғандай шошақтың түбірі Ош (Ос), яғни Қосай атамыздың есімі. Бұл баяғы Нұқ пайғамбар заманындағы топан суға қарық болған елдің атауы. Сол елден тек қана Нұқ пайғамбардың отбасы және Мұсылмандықты мойындаған сексен отбасы кемеге мініп аман қалған делінеді ежелгі шежірелердің бәрінде. Кеменің тоқтаған жері Қазығұрт тауы. Бұл сөздің толық мағынасы Қазық жұрт. Нұқ пайғамбардың тегі Қосай. Сол ел түгелдей суға қарық болып, тек қана Нұқ пайғамбардың кемесіне мінген жандар аман қалып, сол елге Нұқ пайғамбар соңғы «Нүктені» қойды. Одан кейінгі ұрпақ Қосай Нұқ болып, ал сөйлемде Қос Нүкте болып жалғасып кетті. Қос Нүкте - Қосай Нұқтың лақап аты. Қосай руының қазақтың барлық руларының құрамында болатыны, Қосайдан жолдасың болса жолың болады делінетіні және олардың аға баласы деп құрметтелетінінің сыры осы.
Біз бұл тұжырымның ақиқат екенін мына солтүстіктегі көршіміздің қос нүктені «двое точие» дейтіндерінен айқын көре аламыз. Өздеріңіз көріп отырғандай, «точканың» сөз түбірі ош (ос) болып олар да Нұқ пайғамбар атамыздың руы Қосай атамыздың атын ұстап отыр.
Ал, сәукелеге тағылатын «Үкіге» келсек. Бұл Нұқ (Нүк) қауымының түп атасы – Үкаша ата. Үкаша Атамыздың, яғни Нұқ атамыздың моласы осы Қазығұрт тауына жақын маңайда. Ежелгі жазбалар Нұқ пайғамбар қауымын Үкіш қауымы деп атапты.
Үкіш қауымы – Нұқ пайғамбар қауымының ежелгі атауы. Нұқтың сөз түбірі (өз түбі, өз атасы) Ұқ (Үк) болатыны осыдан. Қазақ келіндерінің сәукелесі мен домбыраға тағылатын Үкінің және үмітімізді үкілейтініміздің сыры осы. Қазіргі «үкім» (жарлық), «үкімет» деген ұғымымыздың да авторы осы Үкіш (Нұқ) қауымы. Бізден басқа ешбір ел өз билігін үкімет деп атамайды.
Жалғасы мына сілтемеде.
Мұхамбеткәрім Қожырбайұлы,
Маңғыстау
Пікір қалдыру