Мәулен Әшімбаев, депутат: Мәжіліске кемінде 3 партия өтеді

/uploads/thumbnail/20170708211534395_small.jpg

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитет төрағасы Мәулен Әшімбаев алдағы Парламент сайлауында Мәжіліске кемі 3 партия өтетінін болжайытынын айтты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Мәжілістің бүгінгі пленарлық отырысынан соң журналистер сауалына жауап берген депутат алда өтетін кезектен тыс Мәжіліс сайлауына қатысты пікірімен бөліскен.

«Парламентте партиялар саны неғұрлым көп болса, соғұрлым халықтың түрлі топтарының мүдделері Парламентке жетеді. Мен көп партиялық жүйені жақтаймын. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының мүшесі ретінде келесі сайлауда да біздің партия жетекші орынды иеленеді деп үміттенемін», - деген Мәжіліс депутатынан журналистер сайлау қорытындыларына байланысты болжамдарын сұрады.

«Бұл жерде болжау қиын, әрине. Бірақ, менің ойымша Мәжіліске кемінде 3 партия өтетін сияқты. Бұл – менің болжамым. Қазіргі Мәжілістегі партиялар өздерін жақсы көрсете алды. Басқа партиялар да Мәжіліске өткілері келсе өздерін танытулары керек», - дейді М. Әшімбаев.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар