Өзбекәлі Жәнібековтің 85 жылдығына орай көрме ашылды

/uploads/thumbnail/20170708211533427_small.JPG

Халқымыз салт-дәстүрінің білгірі, еліміздегі мұражай ісінің дамуында өзіндік қолтаңбасын қалдырған мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына биыл 85 жыл.  Осыған орай, 19 қаңтар күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында «Өмірі өнегелі Өзбекәлі» көрмесінің тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Көрменің ашылу салтанатын «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының директоры Ж.Әубәкір ашып, Ө.Жәнібековтің еліміздің мәдени-рухани дамуына қосқан үлесіне тоқталды. Түркістан этнопедагогикалық колледжі және №1 А.Байтұрсынов атындағы қазақ орта мектебі ұжымына қорық-мұражай тарапынан ұйымдастырылатын шараларға атсалысқаны үшін алғыс хатпен марапатталып, сый-сияпаттар жасалды. Түркістан қаласының құрметті азаматы Е.Бимағанбетұлы Ө.Жәнібеков жайлы естелік толғаныстарын білдірсе, Түркістан этнопедагогикалық колледжінің директоры А.Серім Ө.Жәнібековтың мұралары, атқарған еңбектерін жас-жеткіншектерге насихаттауда мұражай ролінің ерекше екендігін атап өтті.   

Көрмені тамашалауға қала әкімшілігі, оқу орындары қалың көпшілік қатысты. Көрме жыл соңына дейін жұмыс жасайды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар