Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин зейнеттік демалысқа шықты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Ұзақбай Қарабалин 19 қаңтардағы Үкімет қаулысымен қызметінен босады. Ол 2013 жылы шілде айында Қазақстанның Мұнай-газ министрі болып тағайындалып, 2014 жылы қайта құрылымдау кезінде энергетика министрінің бірінші орынбасарлығына тағайындалған еді.
Министрлік ұжымына Ұ. Қарабалиннің өзі бірлесе атқарған жұмыстар үшін ризашылық білдіріп, алғысын айтты.