21 қаңтардағы қазақстандық қор биржасындағы сауда АҚШ валютасының бағамын 383,23 теңге көлемінде бекітті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Бұл көрсеткіш кешегі бағамнан 8 теңге шамасында артық екенін айта кету керек. Кеше доллар бағамы 375,45 теңгені құраған еді.
Ақша айырбастау пунктерінде қазір АҚШ валютасы 383,5-385 теңге аралығында саудалануда.