Ресеймен су электр стансасын салу туралы шартты бұзатын құжатқа ел президенті Алмазбек Атамбаев қол қойды. Бұл туралы 24-арна Қырғызстан президентінің ресми сайтында хабарлады.
Енді таяу арада қырғыз дипломаттары бұл туралы Ресей үкіметіне ресми түрде хабарлайтын болады. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Ресей қырғыз жерінде Қамбар ата су электр стансасын және сол су электр стансасының Жоғарғы Нарын бөлігіндегі сарқырамасын салып беруге уәде беріп, тараптар шарт жасасқан еді.