Мальтада мас қазақстандық 6 адамға пышақ ала жүгірген

/uploads/thumbnail/20170708211658131_small.jpg

Мас күйдегі қазақстандық Мальтада 6 адамға пышақ ала жүгірген. Оған сот 116 еуро айыппұл салып, 10 айға түрмеге жапты, - деп жазады британдық Independent газеті.

23 жасар Айбек Манапов 20 см пышақпен 6 адамға шабуыл жасағанын мойындаған.

Мәмілегер судья Донателла Френдо Димек бейсенбі күні таңертең Айбек Манаповқа 3 жыл шартты және 10 ай түрмеге қамау жазасын кесті. Оған 116 еуро айыппұл салынған.

Сотта айғақ ретінде бейнебақылау камерасының жазбасы, пышақ және қазақстандықтың жеке куәлігі ұсынылды.

Жігіт бір келіншекті жеңіл жарақаттап, 5 адамға шабуыл жасап, қоғамдық тәртіпті бұзған. Сонымен қатар, рұқсатсыз суық қару алып жүргені үшін айыпталып отыр.

Қазір А.Манапов Мальта аумағында, ол онда 2015 жылдың қазан айынан бері ағылшын тілін үйренуде. Тіл курсы 2016 жылдың мамыр айында аяқталуы тиіс. Алайда сот басқа студенттерге қауіп төндіретіндіктен оны мүмкіншілік туа қалған жағдайда ел аумағынан шығарып салу керек деген шешім қабылдады. 
Айыпталушының қорғаушысы Джозеф Мицци А.Манапов атынан зардап шегушілерден кешірім сұрады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Қатысты Мақалалар