20 қаңтар күні Сауд Арабиясы чемпионатының екінші лигасында ойнайтын «Аль Драйх» футбол клубының қақпашысы Король кубогының 1/8 финал айналымында «Аль Насра» командасына қарсы ойында футбол тарихындағы ең сәтсіз автогол «авторы» атанды, - деп жазады шетелдік БАҚ.
Бейнеден байқағанымыздай, ойын барысында «Аль Драйх» футбол клубының қақпашысы, допқа ие бола тұрып, оны өз қақпасына қалай кіргізіп алғанын байқамай қалады.