Оқиға Алматыдағы Бекмаханов пен Спасская көшелерінің қиылысында болған. Жол-көлік оқиғасы қиылыста орналасқан сауда орындарының бейнекамераларына жазылып қалған, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап. Suzuki Grand Vitara көлігі бағдаршамның сөнгелі тұрған жасыл түсіне тоқтамай қиылыстан өтіп кетеді. Сол беті алдынан шыққан Toyota Carina E көлігіне, артынша сырғанаған күй жол жиегіндегі дүкенге соғылады. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.