Қазақстандық боксшы Серік Сәпиев өзінің мәжіліс сайлауына түсуден бас тартпайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы 101tv-ға сілтеме жасап.
Олимпиада чемпионы, бүгінде «Astana Arlans» кәсіпқой бокс клубын басқарып жүрген спортшы мәжіліс сайлауына түсуге дайын екенін жеткізді.

Бұған дейін, экс-сенатор Ғани Қасымов С. Сәпиев пен И. Ильинді алдағы сайланатын Мәжіліс құрамынан көргісі келетінін айтқан еді.