Түрік портында Ресей кәсіпкерінің яхтасы өртеніп кетті (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708211751257_small.jpg

Түркияның Фетхие демалыс орнындағы жағажайда ресейлік кәсіпкерге тиесілі яхта өртеніп кетті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы The Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Ұзындығы 27 метр болатын Queen Anna кемесі 21 қаңтар күні өртенген. Тез тұтанған жалын басқа кемелерге өтпес үшін, жағажай қызметкерлері оны қауіпсіз аймаққа апарған. Өрт салдарынан кеме капитаны зардап шегіп, ауруханаға жатқызылған. Қазір өрттің шығу себептері анықталу үстінде.

Естеріңізге салсақ, Queen Anna кемесінің құны 6 миллион долларға жуықтайды. Өртенген кеменің иесі нақты кім екені әлі айтылмады. Бірақ, түркиялық баспасөз ол ресейлік азамат екендігін мәлімдеп отыр.

Қатысты Мақалалар